Тынымсыз еңбек қана нәтиже бермекші

Бұл күндері бұландылықтар да жаздың әр күнін тиімді пайдаланып, қажетті мөлшерде қысқы мал азығын дайындап, күзгі жиын-теріннің ойдағыдай өтуіне қам жасауда. Қазір аудан бойынша 44 мың тонна шөп дайындалған болса, бұл барлық қажетті қордың 79 пайызы. Осы қарқын жалғаса түссе, таяу күндері қысқы шөп 100 пайыз шабылып, жинақталып алынбақ.

Ал, егін жайына келсек, қазір егін ол пісу фазасы жағдайында. 109 ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 30 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 71 шаруа қожалығы ауқымды да жауапты науқанға атсалыспақ. Жалпы, күзгі дала жұмыстарына аудан бойынша 450 адам қатысады деп жоспарлануда. Техникаға келер болсақ, 518 егін жинау комбайны, оның ішінде 92 тиімділігі жоғары шет елдік комбайн егінге шалғы салмақшы. Бір комбайнға жүктеме шамамен 387 гектар  болмақшы. Сондай-ақ, әртүрлі маркалы 358 трактор да науқанға дайын.

Егін жинау жұмыстарына бағасы төмендетілген дизельдік отын бөлінетіні белгілі. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы кәсіпорындары операторлармен келісім-шарттар жасасып, осы жанар-жағармайларды тасымалдау жүзеге асырылуда.

Ағымдағы жылы 261 мың гектар жерге егін егілген болатын. Оның 193 мың гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 42,6  мың гектары майлы дақылдар, 627 гектары көкөніс, 19,6 мың гектары мал азықтық дақылдар болатын. Міне, аудан ауыл шаруашылығы қызметкерлері алдында осы егілген алқапты дер кезінде, ыстыққа күйдіріп, суыққа шалдықтырмай орып, жинап алу мақсаты тұр. Сол үшін де жаздың әрбір жаймашуақ күні қауырт жұмыс үстінде өтуде.

                                                               Серік САПАРҰЛЫ,
                                                     «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар