Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Айнагүл Мусина КВИ, туберкулез, пневмакокк инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың жай-жапсарын баяндап берді.
Қазақстан Республикасында өткен тәуліктерде 789 жағдай тіркеліп, 0,1 пайызға өскен. Бұл шілде айымен салыстырғанда аурушаңдықтың төмендеу тенденциясы байқалады.
Ақмола облысында коронавирустық инфекцияны жұқтыру жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты. 2020 жылы COVID-19 инфекциясының зертханалық жолмен расталған 7247 жағдайы тіркелсе, 2021 жылы – 42434, 2022 жылы – 22029, шілдеде – 1272, тамыз айының 16 күнінде – 1489 жағдай тіркелген. Алайда, ағымдағы жылдың 15 маусымынан бастап COVID-19 ауруының артуы байқалған. Мәселен, 3-9 тамыз аралығында 671 жағдай тіркелсе, осы жылдың 10-16 тамызы аралығында 652 жағдай тіркелген. Осы тамыз айында ауырған 1489 адамның 786-сы екпе алмағандар болса, 372-сі уақытылы ревакцинация алмаған, нәтижесінде 1158-інде коронавирусқа қарсы иммунитет жоқ деген сөз. Жұқпалы аурулар ауруханасында стационарлық науқастарға келер болсақ, онда 79 науқас ем қабылдауда. Аурухана төсек қорының толтырылуы 44 пайызды құрады. Сондай-ақ, 918 адам амбулаторлық емделуде.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация және ревакцинация жасау бағытында вакцинация науқаны басталғаннан бері 362 895 адам бірінші компонентпен екпе алса, екінші компонентпен 350 295 адам вакцинацияланған.
Облыс тұрғындарының туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішіне назар аударсақ, биылғы жылдың жеті айы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1 есе өскенін көрсетеді. Ақкөл, Астрахан, Біржан сал, Егіндікөл, Ерейментау, Есіл, Қорғалжын аудандары мен Степногорск қаласында туберкулезбен аурушаңдықтың артуы байқалады. Жасөспірімдер арасында жеті жағдай тіркеліп, аурушаңдық екі жағдайға артқан.
БЦЖ вакцинасы туралы айтқан хабарламашы, оның туберкулезге қарсы жалғыз вакцина екенін және салыстырмалы түрде қауіпсіз, арзан әрі бір ғана инъекцияны қажет ететінін жеткізді. БЦЖ вакцинасы көптеген елдерде туберкулезбен күресудің стандартты шараларының өмірді сақтайтын және маңызды элементі ретінде қарастырылады.
Ағымдағы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша облыста флюорографияға түскен 250008 адамның 94 пайызы немесе 234917-сі тексеріліп, 183 адамнан сырқат анықталған. Туберкулезге қарсы диспансердегі науқастарда жөтел, әлсіздік, тершеңдік, ашушаңдық, ұйқының нашарлауы, тәбеттің болмауы, таңертең және кешке ұзақ уақыт бойы, аздаған температура 37,1-37,8 С, кеуде аймағында ауырсыну белгілері байқалады. Ауруды бастапқы кезеңде анықтау өте маңызды. Ересек тұрғындар мен 15 жастан асқан жасөспірімдер арасында ауруды белсенді анықтау үшін флюорографиялық тексеру жүргізіледі, ал, балалардан аллергиялық манту сынағы алынады. Сонымен, қатар, дені сау жаңа туған нәрестелерде туберкулездің алдын алу мақсатында медициналық қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда перинаталдық (перзентхана) орталығының егу кабинетінде туғаннан 2-4 күннен кейін БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі.
Сондай-ақ, 6-7 жаста (1-сыныпқа барарда), манту сынамасы теріс болса, ревакцинация жүргізіледі. Туберкулездің жалпыланған түрлерінің, туберкулезді менингиттің және аурудың басқа да ауыр түрлерінің алдын алу мақсатында вакцина иммунитетті қалыптастыратынын, ағзаның төзімділігін арттыратынын да баса айтты хабарламашы. Оған қоса, брифингте пневмококк инфекциясы туралы мәлімет қайталанды. Бұл екі жасқа дейінгі балалардағы пневмонияның негізгі себебі және жалпы бактериялық пневмонияның жиі кездесетін себебі болып табылатын пневмококк инфекциясы. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді шарасы – Ұлттық екпе күнтізбесіне және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша иммундау күнтізбесіне сәйкес қауіп тобындағы балалар мен ересектерге арналған вакцинация қабылдау. Бұл аурудың алдын алудың ең тиімді шарасы – Ұлттық екпе күнтізбесіне және эпидемиялық көрсеткіштер бойынша иммундау күнтізбесіне сәйкес қауіп тобындағы балалар мен ересектерге арналған вакцинация. Өкінішке орай, ағымдағы жылдың жеті айы бойынша пневмококк инфекциясына қарсы ревакцинацияны қамту республикадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Қамту рейтингінде Ақмола облысы, өкінішке орай, республика бойынша 13 орында. Әсіресе, Астрахан, Жақсы, Степногорск, Целиноград, Атбасар қалаларында қамту көрсеткіші өте төмен. Облыс бойынша 12-15 айлық балалардың пневмококк инфекциясымен төмен қамтылу себептерін талдау көрсеткендей, медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша 392 бала екпе алмағанын, оның 297-сі уақытша медициналық жеңілдікке ие, 5-уі тұрақты, 90-ы уақытша екенін байқатады. Осы орайда, пневмококк инфекциясына қарсы вакцинацияның мерзімін еске салған жөн болар. Пневмококк инфекциясына қарсы бірінші егу балаға екі айлығында, содан кейін 4 айда жасалады. Ревакцинация 12-15 айда жүргізіледі. Өмірінің алғашқы 6 айында пневмококк инфекциясына қарсы иммунопрофилактика басталмаған балаларды вакцинациялау екпелердің арасында кемінде 2 ай аралықпен екі рет жүргізіледі екен.
Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинаның бір дозасы 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға, тәуекел тобына жататын ересектерге – бұл әскерге шақырылушыларға, өкпенің созылмалы ауруларымен ауыратын 60 жастан асқан адамдарға, Қазақстанда тұратын еңбекке жарамды жастағы егде жастағы және әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардағы адамдарға бір рет енгізіледі.
Вакцинация мен ревакцинацияға қарсы көрсеткіштер тек вакцинаны немесе вакцинаның компоненттерін алғаннан кейін ауыр аллергиялық реакциялар болып табылады. Температурасы бар немесе онсыз өткір ауруларда вакцинация созылмалы аурулардың өршуімен қалпына келтірілгенге дейін кейінге қалдырылады. Биыл облысымызда пневмококк инфекциясына қарсы егілген 20255 адам болса, олардың ешқайсысынан жағымсыз реакциялар тіркелмеген.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
«Арқа ажарының» өз тілшісі.