Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру үшін 2 нұсқа пысықталуда

– Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру үшін 2 нұсқа пысықталуда. Өңірлерді газбен толық қамтамасыз ету үшін магистральдық газ құбырын салу қажет. Бұл туралы Ақмола облысының тұрғындарымен кездескен ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімет етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру бойынша министрлік 2 нұсқаны пысықтауда. Біріншісі, «Сарыарқа» магистральдық газ құбырын жалғастыру. Магистральдық газ құбырының ұзындығы 298,1 км, болжамды құны 182,1 млрд теңгені құрайды», – деді Болат Ақшолақов.

Министр атап өткендей, жобаны іске асыру 143 елді мекенді немесе 420 мың адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының құрылысы. ІІ-ІІІ кезең. «Нұр-Сұлтан – Көкшетау – Петропавл» учаскесі» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін түзету бойынша жұмыстар аяқталып, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынды. Сонымен бірге, екінші нұсқа ретінде Ресей Федерациясынан газдандыру мәселесі қарастырылуда.

«Бұл нұсқа Қазақстан – Ресей жұмыс тобы аясында ҚР және РФ Энергетика министрліктері арасында белсенді талқыланып жатыр. Газды коммерциялық бағамен сатып алған жағдайда, Ресей тарапы елдің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру нұсқаларын қарастыруға дайын екенін айтуда. Осы екі нұсқаны жан-жақты зерделеп барып, елдің солтүстік өңірлерін газдандырудың түпкілікті нұсқасын әзірлеу бойынша шаралар қабылданатын болады», – деп толықтырды Болат Ақшолақов.

Айта кетсек, биыл күзгі жиын-терін жұмыстарына 423 мың тонна дизель отыны бөлінген болатын.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар