Биыл күзгі жиын-терін жұмыстарына 423 мың тонна дизель отыны бөлінді – Болат Ақшолақов

– Еліміздің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, оның 83 мың тоннасы Ақмола облысының үлесінде. Бұл туралы Ақмола облысына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездескен ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің сөзінше, ағымдағы сәтте дизель отынын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне тиеп-жөнелту жұмысы кестеге сай жүзеге асырылатын болады.

«Бүгінгі күні күзгі жиын-терін жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздегі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына мұнай өңдеу зауыттарында 1 тоннасы үшін 222 мың теңге (184 теңге/литр) бағасы бойынша 423 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді, бұл өңірге байланысты бөлшек сауда бағасынан орта есеппен 15-25 пайызға төмен. Оның ішінде 83 мың тоннасы Ақмола облысының үлесінде немесе ел бойынша барлық көлемнің 5-ші бөлігі қарастырылып отыр», – деді Болат Ақшолақов.

Сонымен қатар, министр ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу нарығын реформалау бойынша байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, жанар-жағармай материалдарға деген қажеттілігін көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру, отын тарату үшін электрондық-ақпараттық жүйені енгізу сияқты бірқатар шаралар қарастырылып отырғанын атап өтті. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.

Айта кетсек, бұдан бұрын арзандатылған дизель бойынша облыс әкімдіктерінде жауапты тұлғалар белгіленген еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар