Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата Заңым – айбыным - АРҚА АЖАРЫ

Ата Заңым – айбыным

Салтанатты шара барысында сондай-ақ, «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңінің, облыстық «Еңбек жолы» байқауының, «Ақмола облысы бойынша үздік волонтерлік жоба байқауының» жеңімпаздары облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және ақшалай сертификаттарымен марапатталды. 

Мәдениет сарайының фойесінде Конституция күніне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырылып, жұртшылық назарына ұсынылды. Мерекелік шара егеменді еліміздің Әнұранымен ашылды.

– Құрметті жерлестер! Бүгінде Қазақстан халқыөзін дәстүр сабақтастығын жалғастырған,еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам ретінде танытып отыр.Конституция Қазақстанның мемлекеттігін, демократиялық принциптерін бекітіп қана қоймай, елдің одан әрі дамуының бағыттарын да айқындады. Биыл біз республикамыз үшін тарихи маңызды оқиғаның куәсі болдық.1995 жылы барша қазақстандықтар дауыс беру арқылы өткізілген референдум негізінде  қабылданған Ата заңымызға өзгеріс енгізуге байланысты жаңа реформаларды қолдады. Осы орайда, белсенді азаматтық ұстанымы үшін жерлестеріме алғыс айтқым келеді, – дей келіп,  облыс әкімі өңірімізде атқарылып жатқан ауқымды істерге тоқталып өтті.

Бүгінгі таңда Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің арасында көшбасшы елдердің бірі болып табылады. Осының жарқын айғағын біздің облысымыздың жетістіктерінен де көруге болады. Мемлекеттің қолдауының арқасында қазіргі таңда біздің өңірде тәуелсіздік алған алғашқы жылдармен салыстырғанда ішкі жалпы өнім көлемі қарқынды өскен. Бір ғана мысал 2020 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 триллион теңгені құраса, биыл бұл көрсеткіш1 триллион  300 миллиард теңге көлемінде болады деп жоспарланып отыр. Қазақстан Республикасы аумағында біздің өңір әрбір екінші астық жинау комбайнын, әрбір екінші тракторды, құс етінің әрбір үшінші тоннасын, өңделген сүттің әрбір 5-інші литрін өндіреді.

Ақмола облысы жартылай өңделген алтын өндірісі бойынша елімізде алдыңғы қатарда. Сонымен қатар, еліміздегі мамандандырылған автомобильдердің үштен екісі, алтынның әрбір үшінші тоннасы, полипропилен мен полиэтиленнен жасалған барлық буып-түю ыдысының бесінші бөлігі, әрбір 10-шы кірпіш біздің Ақмола облысында шығарылады. Облыста 4 ірі алтын өндіру компаниясы, 2 уран өндіру және қайта өңдеу кәсіпорны орналасқан, туристік бизнесті дамытуға арналған бірегей Щучинск-Бурабай курорттық аймағы бар.Индустрияландыру картасын іске асыру шеңберінде соңғы он екі жылдың ішіндеоблыста 440 миллиард теңгеден астам сомаға 113 жоба жүзеге асырылып отыр. Биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салу көзделген. Бір жоғарыда санамалап өткен көрсеткіштер өңір жетістіктерінің бір парасы ғана.

Салтанатты жиналыс барысында өңір басшысы Ермек Маржықпаев бір топ қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін меркелеуге орай және облысымыздың әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға қосқан үлестері үшін Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар, «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған 7 отбасына 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар табыс етілді. Бұл байқауда бас жүлдеге Ақкөл ауданындағы Бөжен Құрметбектіңөнерлі отбасы лайық деп танылып, 500 мың ақшалай сертификатпен және дипломмен марапатталды.

Мерекелік шара соңы облыстық шығармашылық ұжымдардың дайындаған мазмұнды концертіне ұласты.

         Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар