Ақмола облысының əкімі Ермек Маржықпаевтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекетіміздің негізгі заңы елімізде әділ заңның үстемдік құруына, азаматтардың құқығы мен еркіндігі сақталып, қоғамдық өміріміздің барлық саласында кең көлемді реформалардың дамуына кепілдік береді.

Маусымның 5-і күні Жалпыхалықтық референдумда сіздер мен біздер республика Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанған бағытын толық қолдап, еліміз одан әрі демократияланып, Жаңа Қазақстанды құратындығымызға зор сенім білдірдік.

Негізгі Заңға 56 түзетулер мен өзгертулер енгізіліп, кең көлемді конституциялық реформаның негізі қаланып, еліміздің одан әрі қарқынды дамуына кең жол ашылды.

Осы қадамның нәтижесінде азаматтардың мәселені шешуге ықпалы молайып, елдегі істің дамуына қатынасы күшейіп, өздерінің ой-пікірлерін айқын әрі еркін айтып, құқықтары қорғалуда.

Халықаралық құқық нормаларына  толық жауап беретін сенімді құқық негізі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізін қалайды.

Пандемияға байланысты туындаған бірқатар мәселелерге қарамастан, біздің облыс сенімді  экономикалық даму үстінде, әлеуметтік сала өркендеп келеді.

Егер отыз жыл ішінде облыста жеті миллион шаршы метр тұрғын үй салынса, соңғы екі жарым жылда 1,5 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді.  Облыста кейінгі үш жылда 12 мектеп салынып, үстіміздегі жылы біздің оқушыларымыз тағы да алты жаңа мектептің табалдырығын аттайды. Денсаулық сақтау саласында да екі жылда 7 нысан пайдалануға берілді.

Қол жеткен табыстар – Ата Заңды ардақ  тұтатын, бірлік пен келісімді мақсат еткен  біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

Құрметті жерлестер!

Біздер үшін өте маңызды осы күні өңірдің әрбір тұрғынына отбасындағы береке мен бірлікті, мықты денсаулықты, өсіп-өркендеуді тілеймін!

***

Қымбатты Ақмола облысының тұрғындары!

Сіздерді басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Ағымдағы жыл біздің еліміз үшін шын мәнінде тарихи жыл болды. 5 маусымда Конституцияға түзетулер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтті. Қазақстанның барлық азаматтары конституциялық құқықты пайдаланып, өз еріктерін білдірді. Ақмола облысының тұрғындары еліміздің Негізгі Заңына енгізілген түзетулер үшін дауыс бергендердің ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізгенін және Президенттің мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға бағытталған реформаларын қолдағанын атап өткім келеді.

Жалпы алғанда, мемлекеттік басқарудың аса маңызды аспектілерін қозғайтын және бүкіл саяси жүйенің ауқымды өзгерістеріне бағытталған ҚР Конституциясы баптарының үштен бірі жаңартылды. Барлық жүргізіліп жатқан реформалар біздің мемлекетіміздің дамуына және әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыруға үлкен серпін беретініне сенімдімін.

Конституция – Республиканың бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың, сондай-ақ, жаңа Қазақстанды табысты құрудың сенімді кепілі.  Негізгі Заң ұлттың бірлігін, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылықты, кемсітушіліктің кез-келген түріне тыйым салуды бекітетін мықты біріктіруші фактор болып табылады. Оның нормаларын мүлтіксіз сақтау, құндылықтарын құрметтеу республиканың серпінді дамуының, әрбір тұрғынның әл-ауқатының кепілі болып табылады.

Құрметті ақмолалықтар! Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін, туған өлкеміздің дамуына қосқан күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге ашық аспан, бірлік пен келісім, мықты денсаулық және әр отбасына амандық, береке мен ертеңгі күнге деген сенімділік тілеймін!

Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар