Ақмола облысының әкімі  Ермек Маржықпаевтың Білім күнімен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Баршамыздың жүрегімізді толқытатын тамаша мереке – Білім күніне байланысты менің ең ізгі тілектерге толы құттықтауымды қабыл алыңыздар.

Бұл мыңдаған оқушылар мен студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар үшін ең бір жарқын, ұмытылмас мерекелердің бірі. Биыл біздің аймақтың 542 мектебі мен 32 колледжінде алғашқы қоңырау соғылады. Бүгін бірінші сыныпқа баратын 15 мың шәкірт үшін алғашқы қоңыраумен бірге білім әлемінің есігі айқара ашылады. Бұл күнді кешегі мектеп түлектері, ал, бүгін  колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері де жүректері лүпілдей, асыға тосуда.

Біздің білім жолындағы шәкірттеріміз биылғы оқу жылында жақсы үлгерімдерге қол жеткізетініне, ал, мұның өзі ата-аналар мен мұғалімдердің орынды мақтанышын туғызатынына кәміл сенімдімін. Сол сияқты, жас жеткіншектеріміздің алған білімдері келешекте олардың өмірлік жоспарлары мен армандарына жетулеріне игі жол ашатындығына үмітім зор.

Біз үшін күрделі болып отырған биылғы жылды Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Сондықтан, біздің аймақта да жас ақмолалықтарды қолдау және оқыту үшін көптеген шаралар қолға алынуда. Атап айтқанда, білім жүйесі дамып, жаңа мектептер салынуда. Ал, бұрынғы білім ордалары жаңартылып, мектеп автобустары алып берілуде.

Біздің мұғалімдерімізге Білім күні айтатын алғыс сөздеріміз өте мол. Олардың кәсіптік шеберлігі, еңбек тәжірибесі, осы заманғы оқыту тәсілдерін пайдаланулары аймақтың білім жүйесінің ойдағыдай дамуының басты кепілі болып табылады. Құрметті педагогтар, сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесінде Ақмола облысы білім сапасы жөнінен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде.

Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге және жарқын істерге толы болатынына сенім мол. Мерекелеріңіз құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық,  қызғылықты және жемісті жұмыс, шығармашылық табыс тілеймін!

***

Құрметті оқушылар мен студенттер, мұғалімдер мен ата-аналар!

Сіздерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Адам үшін барлық құндылықтардың ішіндегі ең бастысы – білім. Таным процесі таусылмайды, оның шыңына апаратын жол сан қилы әрі күрделі. Бүгінгі өмірде табысты болу терең білімсіз мүмкін емес. Сондықтан, бұл мереке әрқайсымыз үшін үлкен маңызға ие. Бұл күн толқулар мен қиыншылықтарға, қуанышты сенімдер мен үміттерге толы. Бұл әсіресе, мектеп қабырғасына алғаш рет аяқ басқан, өмірлеріндегі алғашқы қоңырау соғылған бүлдіршіндер ­­– бірінші сынып оқушылары үшін өте маңызды.

1 қыркүйек –­достарымен және сүйікті мұғалімдерімен кездесу күні, бұл үлкен өмірге тағы бір қадам. Сондықтан, барлық оқушыларға еңбексүйгіштік пен жаңа білімді игеруде табандылық тілеймін!

Ақмола облысының білім беру жүйесі жыл сайын барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерді жақсартып келеді,оқушыларды даярлау сапасы мен педагогтардың біліктілігі артуда, мекемелерді қаржыландыру, мұғалімдердің жалақысы өсуде. Білім мен озық технологиялар да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған үлкен міндеттерін іске асыру және жаңа Қазақстанды құру үшін қажет екені белгілі.

Құрметті ұстаздар, сіздердің еңбектеріңіз оңай емес, ол терең білім мен әр баланы жан-тәнімен жақсы көруді талап етеді. Сіздерге осы жолда күш-қуат пен шыдамдылық, жарқын сабақтар және талантты оқушылар тілеймін! Жаңа оқу жылы жаңа жоғары жетістіктер жылы болсын!

Талғат ЖҮНІСОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар