Дала орақ дүбіріне тола бастады

Қазіргі кезде аудан диқандары орақ науқанына кірісті.

Үкімет Басшысы Әлихан Смайылов өз сөзінде Қазақстанның биылғы жылы өзінің азық-түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар  деген-ді.

Біздің алғаш ат басын тіреген жеріміз – «Ақтық» АҚ-ның егінжай алқабы. Ерте көктемде 18300 гектарға себілген «Шортанды», «Фантазия», «Қарабалық» тұқымының бидайы жайқалып өсіп тұр. Сондай-ақ, 2800 гектар арпа, 800 гектар сұлы алқабы өзінің орылуын күтіп тұрғаны байқалды.

Егін жинау жұмыстарына өнімділігі жоғары 25 комбайн қатыстырылған. Механизаторлар жауапты науқанды қысқа мерзімде аяқтауды межелеп отыр. Орақ басталғаннан бері жас диқандар Қабиден Тәжбенов (суретте) пен Құрмаш Байбосынов ілкімді істерімен танылып, ширақтық танытуда.

Мамандар еліміз бойынша өнім түсімі орташа жылдық деңгейде болады деген болжам айтуда. Естеріңізге сала кетсек, өткен 2021 жылғы орақ науқанының нәтижесі бойынша еліміздің егінжай алқаптарынан 16,4 миллион тонна астық бастырылған еді. Бұл – 2020 жылғы нәтижемен салыстырғанда 18 пайызға кем. Ал, биыл сол айырмашылықтың орны толып, көздегендей астық жиналады деген үміт бар. Бұған  астананың іргесіндегі Целиноград ауданының еңбеккерлері де лайықты үлес қосары сөзсіз.

Ж. ТҮГЕЛБАЙ.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар