Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ата Заң – тәуелсіздігіміздің айғағы - АРҚА АЖАРЫ

Ата Заң – тәуелсіздігіміздің айғағы

Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихы да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.

Конституция мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері едәуір жетістіктерге жетті. Ортақ шаңырағымыздың шекарасын шегелеп, іргемізді мызғымастай етіп бекіттік. Тағдыр тоғыстырған, тарих табыстырған түрлі ұлт өкілдері Конституция қағидаттары төңірегіне топтасты. Еуразияның жүрегіне орналасқан Елордамыз әлемге руханияттың ірі орталығы, саясаттың іргелі ордасы ретінде танылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның сенімді кепілі бола тұра, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, құқықтық мемлекет құрудың бағытын берік ұстанды. Осы қағиданы басшылыққа алған Ұлттық ұлан әскерлері – қоғамдық-құқықтық тәртіпті сақтау, төтенше жағдай кезінде құтқару, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сынды жауапты жауынгерлік міндеттерді атқаруда.

Құқықтық тәртіп әскерінің басты мақсаты еліміздің Конституциялық құрылымын сақтап қалу болып табылады. Бұл міндетті Көкшетау қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері абыроймен орындап келеді.

Ата Заңымызда белгіленгендей: «Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» – демекші, 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көптеген жылдар бойы Көкшетау қаласы тұрғындарының бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруіне кепіл болуда.
Басты құндылығымыз ел тәуелсіздігі мәңгі, келісім мен бірлігіміз нығая берсін демекпін.

Азамат СМАҒҰЛОВ,
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы «Орталық»
өңірлік қолбасшылығы 5510 әскери бөлімінің командирі, полковник.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар