Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды

 «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 2 қыркүйек», — делінген Ақорда сайтында.

Айта кетейік, Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де (1991-1992) және Түркияның Мармара (1992-1996), Докуз Эйлүл (1996-1997), Эгей (1997-1998), Ыстанбұл (1998-2001) университеттерінде білім алған. Ыстанбұл университетінде докторлық диссертация қорғап, «философия докторы» ғылыми дәрежесін иеленген (2001). Абай атындағы ҚазҰПУ-да докторлық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының докторы атанған (2010). Тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспендент-мүшесі.Еңбек жолын 2001-2005 жылдары – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, ғалым-хатшы, кафедра меңгерушісі, аппарат жетекшісі, жетекші ғылыми қызметкер болып бастады.

2005-2006 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент, аға ғылыми қызметкер;

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында директордың орынбасары;

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі;

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары;

2012-2014 жылдары – Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары болды.

2014 жылдан бастап Халықаралық Түркі академиясының президенті, 2015 жылғы маусымнан Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялар одағы хатшылығының басшысы қызметін қоса атқарады және аталған одақтың ұйымдастырушысы болып саналады.

2015 жылы ЮНЕСКО-ның Париждегі штаб-пәтерінде «Қорқыт мұрасы және Түркі әлемі» атты халықаралық мәдени шараны, 2016 жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде «2030 жоспары үшін Жібек жолы бойындағы жаңа синергия» атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды.

2016 жылдың шілдесінен «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымын атқарып келді.

2018 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті болып екінші мерзімге тағайындалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар