Қытайдың оңтүстік-батысындағы жер сілкінісі құрбандарының саны 21-ге жетті

– 5 қыркүйек жергілікті сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Сычуань провинциясына кіретін Ганьцзы-Тибет автономиялы округінің Лудин уезін қиратқан 6.8 магнитудалық жер сілкінісінен мерт болғандар саны 21 адамға жетті деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттің мәліметінше, 7 адам Лудин уезінде көз жұмды, тағы 14 адам Яань қаласының Шимянь уезінде мерт болды.

Қытай сейсмологиялық желілері орталығының мәліметтерінше, жерасты дүмпуінің ошағы 29,59 градус солтүстік ендік, 102,08 градус шығыс бойлық бағытында жатты. Тереңдігі 16 км.

ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин барлық күштерді құтқару жұмыстарына жұмылдыруды тапсырды. Ол қазігі таңда ең басты мақсат адамдарды құтқару болуы керектігін айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар