Үкімет Президент Жолдауын іске асырудың жалпыұлттық жоспарын бекітті

– Үкімет Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудың іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, жоспарды 5 негізгі бағыт бойынша іске асыру экономиканы сапалы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.

«Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оны орындауға шұғыл кірісуі қажет. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары жоспардағы іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс», – деді Үкімет басшысы.

Үкімет мүшелері аталмыш жоспар көрініс тапқан Президент Жарлығының жобасын мақұлдап дауыс берді.

«Ұлттық экономика министрлігіне Премьер-Министр кеңсесімен бірлесіп, Жарлық жобасын бүгін Президент Әкімшілігіне енгізуді тапсырамын»,- деді Әлихан Смайылов.

Фото: primeminister.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар