– ҚР Парламент Мәжілісіне Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мұндай бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының қорытындысында көрініс тапқан.
Қорытынды мәтінінде мұндай өзгеріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін енгізілетіні айтылған.
Сонымен, аталмыш заң жобасына мынадай нормалар ұсынылып отыр.
— 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;
— 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу.
— 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау.
Заң жобасы мақұлданса, аталған дата Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты қоғамдық маңызы жоғары айтулы күн ретінде мерекеленбек.