Жоқ пәтерді жалға беріп, көкшетаулықтан ақша жымқырған алаяқ ұсталды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тамыздың 31-де Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті.

Ер адамның сөзінше, 28 тамызда ол «ОЛХ» сайты арқылы пәтер жалға алмақшы болған. Кейін өзіне қажетті пәтерін тауып, ондағы хабарламада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, жалдау ақысы туралы келіскен. Алайда, жалға беруші одан 10 000 теңге мөлшерінде алдын-ала төлем жасауды сұраған. Алаяқтық туралы ойламаған өтініш беруші оған сұрған ақшасын аударған. Артынша, «пәтер иесі» байланысқа шықпай қойған. Сол себепті, қала тұрғыны полицияға жүгінген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 5 қыркүйек күні криминалдық полиция бөлімінің қызметкері жалған хабарландырудың авторын анықтады. Ол Бұланды ауданы Макинск қаласының 18 жастағы тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, тұрақты табыс таппаған жас жігіт осылай ақша табуды шешкен. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деді ведомстводан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар