«Елбасы медалі» бағдарламасының қатысушыларын марапаттау жөніндегі комиссия отырысының шешімі бойынша, Ақмола облысының 5 қатысушысы – қола, күміс және алтын медальдың иегерлері атанды.
Қола медаль иегерлері-Жамбет Аружан және Александров Сергей, күміс медаль иегері – Төлеуханқызы Бұлбұл, алтын медаль иегерлері-Елжайық Алина және Капарова Махаббат болды.
«Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы жас қазақстандықтар қатысады. Қатысушылар «алтын», «күміс» немесе «қола» деңгейлерін таңдап, жеті бағыт бойынша дағдыларды дамытады: спорт, дағдылар мен таланттары, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік, туристік жорықтар, еңбек тәжірибесі . Әрбір өткен кезеңмен қатысушылар күштірек, таланттырақ және сенімдірек бола бастайды, ал финалистерге ең жоғары жеңістер үшін, бастама болатын «Елбасы медалі» ерекшелік белгісі беріледі.
Жобаның пайда болуынан бастап, Ақмола облысының 199 қатысушысы қола медальға, 5 қатысушы күміс медальға, ал 2 қатысушы алтын медальға ие болды.
«Елбасы медалі» алтын деңгейдегі ерекшелік белгісінің иегерлері Елжайық Алина мен Капарова Махаббат, Нұр-Сұлтан қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсіміне қатысқан болатын.