Көкшетауда 47 жастағы ер адамның пәтерінен 15 полиэтилен бумаға салынған есірткі заты табылды

Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің жеке заттарын тінту кезінде пышақ, ұялы телефон және 47 мың теңге ақша тәркіленді.

Ал, пәтерін иісшіл итпен тінту кезінде балкондағы шкафтың ішінен «таңбаланған», өсімдік тектес сұр-жасыл түсті зат оралған 15 полиэтилен бумасы табылды. Сараптама тағайындалды.

«Осыған балйанысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі «есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз сақтау және өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Көкшетау қалалық Полиция бөлімінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – деді ведомстводан.
Сонымен бірге, ер адамның бұрын бірнеше рет сотты болғаны және 3,58 грамм марихуананы сатқан дерегі анықталып отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар