БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары болып Фолькер Тюрк тағайындалды

– Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерреш Бас Ассамблея бекіткеннен кейін БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары ретінде аустриялық Фолькер Тюркті таныстырды. Бұл туралы ҚазАқпарат БҰҰ Жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Тюрк мырза ұзақ әрі көрнекті мансабын жалпыға ортақ адам құқығын алға жылжытуға, атап айтқанда әлемдегі ең әлсіз адамдардың кейбірін – босқындар мен азаматтығы жоқ тұлғаларды халықаралық қорғауға арнады», – делінген БҰҰ басшысының мәлімдемесінде.

Жаңа жоғары комиссар БҰҰ құрылымында жұмыс істеген.

Тюрк мырза 2018 жылдан бері осы қызметті атқарған чилилік Мишель Бачелеттің орнына келді.

Фото: news.un.org

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар