Қазақстан МӘМС-тен бас тарта ма?

 – Президенттің Жолдауда айтқан сынынан кейін еліміз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен бастартуы мүмкін бе? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту кері кету болып есептелер еді. МӘМС енгізігеннен кейін былтыр денсаулық сақтау жүйесіне қосымша 0,5 трлн теңге, биыл 800 млн теңге келді», – деп жауап берді Ажар Ғиният.

Министр ол қаражаттың қайда бағытталып жатқанына тоқталды.

«Бұл қосымша жаңа технологиялар, қызметтердің аясын кеңейту, құрылғылар сатып алу, денсаулық сақтау саласына инвестиция салу, халықтың тұрмысы мен денсаулығын нығайту сияқты игіліктер деген сөз. Бұлардан қалай бас тарта аламыз? Сондықтан біздің міндет – МӘМС жүйесін жетілдіре түсу», – деді Денсаулық сақтау министрі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар