Неміс кемелері Жерорта теңізінде 700-ден астам мигрантты құтқарды

 – Германия кемелері Еуропаға өтпек болып Солтүстік Африкадан келе жатқан 730-ға жуық мигрантты құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Атап айтқанда, «Sea-Watch 3» құтқару кемесінің экипажы бортқа барлығы 394 адам алған. Енді олар Мальта порттарына немесе Италияның оңтүстігіне кіруге рұқсат күтуде.

«Humanity 1» кемесі Ливия аумағындағы сулардан резеңке қайыққа тола мінген 25 адамды құтқарды. Кеме бортында құтқарылған барлығы 208 мигрант бар. Олардың көбі жарақат алған. Аман қалғандардың айтуынша, жарақаттар негізінен Ливиядағы зорлық-зомбылыққа байланысты.

129 мигрант мінген «Sea-Eye 4» кемесі де Мальта немесе Италия билігінен портқа кіру үшін рұқсат күтуде. Құтқарушылар соңғы күндері іздестіру жұмыстары кезінде бұл елдердің билігінен ешқандай көмек көрмегеніне шағымданып отыр.

Италия Ішкі істер министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, жыл басынан бері ел жағалауына 62 800-ден астам мигрант жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде олардың саны 41 мың адамды құрады.

Фото: dw.com

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар