Әрбір мәселенің шешімі іздестірілді

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Талғат Жүнісовтің жеке қабылдауына  үш адам жазылып, өздерін толғандырған мәселелерін алға тартты.

Көкшетаулық зейнеткер Рауза Әбілова өзінің мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегін бір санаттан екінші санатқа ауыстыру мәселесі бойынша келді. Олбірнеше ретқұзырлы органдарға шағымданған, сонымен қатар, сот инстанцияларына да жүгінген.

Р.Әбілованың өтінішін Талғат Тұрлыбекұлымен бірге оның әріптесі, Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы, тұрғын үй комиссиясының мүшесі Рүстем Қалышев та тыңдады. Зейнеткерге тағы да оның құқықтары түсіндірілді.  Т.Жүнісов атап өткеніндей, мәселені тек құқықтық салада, сот арқылы шешуге болады.

Көкшетау қаласының тұрғыны Алена Исаева көру қабілеті бойынша мүгедектік алу үшін медициналық комиссиядан өту туралы сұрақтармен, сондай-ақ, жергілікті полицияның жұмысына шағыммен жүгінді. Оған заңнама аясында түсініктемелер беріліп, өтініштері денсаулық сақтау басқармасына және облыстық полиция департаментіне жолданатын болды.

Жас бизнесмен Елдос Майқыбеков БурабайдаСарыбұлақ ауылының жанында бес шағын глэмпинг ашқан. Істі кеңейту үшін оған қосымша жер қажет.  Сонымен қатар, ол бизнесті субсидиялау мүмкіндігіне қызығушылық танытады.  Бұл өтініш бойынша облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Андрей Подгурский түсініктемеберді, ол жер мәселесін шешуге уәде берді. Сондай-ақ, туризм субъектілерін субсидиялау шеңберіндегі мемлекеттік көмек құралдары бойынша түсініктемелер берілді.

Ақмола облыстық  мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар