Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сын сәтте көсек қолын созды - АРҚА АЖАРЫ

Сын сәтте көсек қолын созды

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары, сондай-ақ, облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері табиғи апаттан зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына гуманитарлық көмек жинауға және жөнелтуге белсенді қатысты.

Көмек жинау «Аманат», «Ауыл» партиялары, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және басқа да қоғамдық ұйымдар желісі бойынша ұйымдастырылды. Акцияға облыстық мәслихаттың барлық депутаттары қосылып, қостанайлықтарға көмек қорына қаражатты алғашқылардың бірі болып аударды. Оның ішінде экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ғалым Бекмағамбетов, заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Мұрат Шәмшінұров, «ВТК-СтройМонтаж» ЖШС басшысы Жұмабай Әміржанов, «Қоржынкөл» ЖШС-ның басшысы Әбілқайыр Ошақбаев, «Той Дастархан» ЖШС-ның директоры Елена Мащинская, «Камаз Инжиниринг»АҚ директоры Сергей Кистин және басқалары бар.

Сонымен қатар, депутаттар Сайра Матайбаева, Елена Мащинская, Қоғамдық кеңестің мүшесі Ирина Осипова Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының басқа да мүшелермен дәрі-дәрмектер, киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдарды жинауды ұйымдастырды.

Депутат Қайрат Сұлтанов еріктілермен бірге көрші облысқа барып, ақмолалықтар жинаған гуманитарлық көмекті жеткізуге және түсіруге көмектесті. Ол өз отбасынан жарты тонна көкөніс апарып, жақсылықтың жалпы қоржынына өзінің қомақты үлесін қосты.

Омар Шоназаров та өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жинауға және оны жеткізуге қатысты. Қорыта айтқанда, «Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалы 15 тонна азық-түлік пен жылы киім жинады.

Облыстық мәслихат аппаратының қызметкерлері де қостанайлықтарға көмек қорына бір күндік жалақысын аударып, бұл ортақ істен қалған жоқ.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар