Өңірлік коммуникациялар қызметіңнде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша санитарлық-эпиемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Айнагүл Мусина «Коронавирустық, жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай және департамент жүргізіп жатқан сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қарсы іс-қимыл шаралары туралы» хабарлама жасады.
Облыста коронавирустық инфекцияны жұқтыру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Жалпы, пандемия басталғалы бері COVID-19-дан зертханалық жолмен расталған 72872 жағдайы тіркелген. Ағымдағы жылдың басынан осы қауіпті індеттен 45 адам көз жұмған.
Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация науқаны басталғаннан бері оның бірінші компонентімен 363 717 адам егілсе, екінші компонент бойынша 351 288 адам вакцина алған. Ал, коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинация бойынша өткен жылдың 22 қарашасынан бастап 171594 адам қамтылған.
Облыс бойынша 45,8 пайыз Қосшы қаласы, 56,9 пайыз Бурабай, 54,6 пайыз Степногорск қаласы және 66,3 пайыз Көкшетау қаласы болса, бұлар вакцина алуда ең аз қамтылған жерлер болып отыр.
2021-2022 жылдар аралығында эпидемиялық маусымдағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға тоқталсақ, ағымдағы жылдың басынан бері жалпы республика бойынша жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаумен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Осы екі жылдағы эпидемиологиялық маусымда облыста жедел респираторлық вирустық инфекциялардың 67923 жағдайы тіркеліп, 100 000 тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 9 123,07 құрайды.
Облыста тұмаудың 3 жағдайы тіркелген, олардың екеуі Шортанды, біреуі Зеренді ауданынан байқалып отыр. Сондықтан, тұмауға қарсы вакцинация инфекциядан қорғаудың негізгі түрі болып табылады. Хабарламашының айтуынша, облыс тұрғындарының тұмауға қарсы екпемен қамтылуы 11,9 пайызды құрайды. Қазіргі уақытта облысқа «Grippol Plus» вакцинасының 73138 дозасы сатып алынған. Бұл вакцина облыста 5 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді, вакцина салынғаннан кейін асқынулар болған жоқ. Вакцина тұмауға қарсы спецификалық иммунитеттің жоғары деңгейін қалыптастыруды тудырады. Вакцинациядан кейінгі қорғаныс әсері, әдетте, егде жастағы адамдарда 8-12 күннен кейін пайда болады және 12 айға дейін созылады. Әртүрлі жастағы адамдарды вакцинациялаудан кейін тұмау вирустарына қарсы антиденелердің қорғаныс титрлері вакцинацияланғандардың 75-95 пайызында анықталады.
Туберкулезге қарсы егуден басқа профилактикалық егулердің әртүрлі түрлері бір күнде біріктіріледі. Вакциналар дененің әртүрлі бөліктеріне және әртүрлі шприцтермен енгізіледі. Егер профилактикалық әсер ететін иммунобиологиялық препараттар бір күнде енгізілмесе, тірі вакциналарды енгізу арасындағы аралық кемінде төрт апта болуы керек. Тірі және белсенді емес вакциналарды енгізу арасындағы аралық сақталмайды.
Брифинг барысында хабарламашы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шеңберінде Астрахан, Бурабай және Қорғалжын аудандарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне тоқталды. Қалған аудандарда биылғы жылдың 4 тоқсанына жоспарланып отырғанын жеткізді.
Әдеп жөніндегі уәкіл ай сайын Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша семинарлар өткізеді. Тоқсан сайын этика нормаларын бұзу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында анонимді электронды сауалнамалар жүргізіліп келеді. Соған сәйкес, теріс фактілер байқалмаған.
2021 жылға департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері кірістері мен мүлкі туралы декларацияны 100 пайыз тапсырды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қамтитын өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында апта сайынғы брифингтер өткізіледі. Осыған орай жыл басынан бері 30 брифинг өткізілген. Аумақтық бөлімшелердің басшылары, мемлекеттік қызметшілер, департаменттің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерге тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Оның барысында жағымсыз материалдар мен жарияланымдар және басқа да фактілер анықталмаға. Семинарлар аясында барлық мемлекеттік қызметшілер этика нормаларын сақтау туралы, оның ішінде facebook және instagram әлеуметтік желілеріндегі жеке аккаунттары арқылы ақпараттандырылған.
Жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары қабылдаған шешімдер туралы халықты БАҚ арқылы хабардар ету мақсатында кестеге сәйкес әлеуметтік желілерде және департаменттің ресми сайтында тиісті ақпараттар орналастырылған. Сөйтіп, биылғыжылдыңөткенкезеңінде 26 ақпарат жарияланған.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.