Залал мен моральдық зиянның өтемақысы өндірілді

Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының шешімімен азаматша  «Е»-нің жауапкер азаматтар «Г» мен «Ч»-ға денсаулығына келтірілген залалды өтеу және моральдық зиянды өндіру туралы талап-арызы ішінара қанағаттандырылды. Сот азаматша «Е»-нің пайдасына 357 914 теңге сомасындағы материалдық залалды, 85 131 теңге мөлшерінде айырылған жалақыны, 5 000 000 теңге мөлшеріндегі моральдық зиянды өтеуді және өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды азаматтар «Г» мен  «Ч»-дан өндіріп алды.

Сот анықтағанындай, Атбасар қаласында жұмысқа бара жатқан жолында азаматша «Е»-ге «Алабай» тұқымды итпен шабуыл жасалған және оның денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Атбасар ауданының полиция бөлімі ит иесі азамат «Ч»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Алынған зақымдардың нәтижесінде азаматша «Е» стационарлық емделуде болды, оған бұдан әрі әлі де емделу және кесілген сол аяғын протездеу қажет. Емдеу барысында мүгедектер арбасын, дәрі-дәрмек және тағы басқа қажеттерді сатып алуға ақшалай қаражат жұмсалды. Азаматша «Е» жалпы еңбек қабілетінен айырылды.

Азаматтар «Ч» мен «Г»-ныңазиялық тұқымды, 6 жастағыитке тиесілі құжаттары жоқ. Әрі екеуінің бұл келеңсіздікке жауапкершілігі ортақ, өйткені, ит олардың бірлесіп өмір сүру кезеңінде сатып алынған, олар итке күтімді де бірлесіп жасаған.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар