Мемлекеттік аппаратты төрешілдіктен арылту – маңызды мәселе

Ағымдағы жылдың 13 сәуірінде Мемлекет Басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданған болатын.Бұл елеулі оқиға ақпараттық кеңістікте біраз талқылаулардың да нысаны болды, әсіресе, осы құжат мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің үлкен қызығушылығын тудырғаны сөзсіз.

Жарлықты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жүргізу жөнінде жаңа уәкілеттіліктер ұсынылды.Яғни, мемлекеттік аппараттағы сөзбұйдалық пен төрешілдікке жағдай жасайтын себептерді анықтау үшін екі тәсіл анықталған: мониторинг және талдау жүргізу.

Агенттіктің тапсырмасына сәйкес бюрократиядан арылту жұмыстары салалар бойынша жіктеліп, аумақтық департаменттер мен мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.Мысалы, Ақмола облысы бойынша департаментіне мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне мониторинг жасау тапсырылды, сонымен қатар, талдау жүргізу үшін денсаулық сақтау, еңбек және білім салалары бекітілді.

Бұл мәселе тиісті деңгейде шешілсе, қоғам үшін орасан зор пайдасын тигізетіні ешкімнің тарапынан дау тудыра қоймас. Сол себепті жұмыс ауқымына қарамастан, барлық ұйымдастыру мәселелері қандай да бір қиыншылықсыз реттеліп, нақты іс-шаралар іске асырылуда.Мониторинг нәтижесінде жүйелі ұсынымдар әзірлеу мақсатында 90 мемлекеттік орган мен мемлекеттік емес ұйымның өкілдерінің қатысуымен арнайы фокус-тобы, талдау жүргізу үшін барлық мүдделі тұлғалардың қатысуымен Ақмола облысы әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары және біздің департамент басшысы бастаған жұмыс топтары құрылды.

Осы уақытқа дейін фокус-топ мүшелерімен 8 сұхбат өткізіліп, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарына бару арқылы талдау өткізілуде.Талдау барысын қадағалау үшін Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде болдым.Жалпы, мониторинг пен талдау жұмыстары қазіргі уақытта шешімін талап ететін елеулі мәселелерді айқындап отыр.

Қуантатыны, мемлекеттік қызметшілеріміз, мемлекеттік ұйымдарымыздың қызметкерлері өзекті мәселелер жөнінде ақпарат беруде, олардың шешу жолдарын іздестіруде үлкен белсеңділік танытуда. Оған мемлекеттік органдарда өзім болған кезде де көзім жетті.Көп жағдайда сұхбат барысында қызметкерлер өздерін толғандыратын, халықтың наразылығын тудыратын сұрақтар, қызметте кедергілер келтіретін бюрократияланған мәселелер бойынша мүдірмей пікірлерін білдірді.

Түпкілікті қорытынды жасау үшін әрбір қызметкер мен азаматтың пікірлері құнды.

Думан ӘБІЛЕВ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар