Әрбір шыққан өрт бізге үлкен сабақ болуы тиіс

Жер планетасыныңғасырлар бойы барлық жануарлар дүниесi мен адамзат баласы үшiн тiршiлiк негiзi – таза ауа. Ол тек өсiмдiктер дүниесiнен бөлініп шығатын оттегі. Су оттегiн бiзге бөлiп шығаратын негiзгi жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар. Қазақстан аумағынын 3,8 пайызын ғана орманды жер алып жатыр.

Кейiнгi жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердiң 70 пайызыоттыдұрыспайдаланбаудыңсалдарынан болған. Өрт 4 миллион текше метрге жуық ағашты жойған. Ірі орман өрттеріне біздің Ақмола облысы да кіріп отыр. Күні кешегі қыруар орманды жойған Қостанай облысындағы өрттерден денең түршігеді.

Барлығымыз білетіндей, адамдардың өмір сүруі үшін орманның маңызы зор. Ағаштарды қорғау арқылы біз өзімізді де қорғаймыз. Ормандардың басты рөлі – экологиялық немесе қоршаған ортаны қалыптастырушы болып табылады.

Орманға көбінесе адамдар демалуға, таза ауа жұтып, тынығуға барады. Бiрақ, қазiргi жағдайда, кей демалушылар арттарынан қоқыстар қалдырып, отқа тамақ дайындаған соң шоқты өшiрмей жатады. Соның салдарынан жерiмiздiң байлығы – ормандар мен ағаштарымыз өртеніп жатыр. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, бүкiл дүниежүзiнде бар. Сондықтан да, мен орман күзетшiсi ретiнде әрбiреуiңiз ормандағы қауіпсіздік ережелерiн жатқа бiлiп және тек бiлiп қана қоймай, сонықатаңсақтай білсеңіздер деймін.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Орман кодексі мен «Қазақстан Республикасы ормандарындағы өрт қауiпсiздiгi» ережесiнiң талаптарына сәйкес, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерiнiң орман күзетiне орман қорыжерлерiнде өрт шығудың тiкелей қатерi төнген жағдайда өрттің алдын алу, оларды дер кезінде байқау, сөндіру жөніндегіжұмыстар жүктелді. Ормандыалқаптыөрттен сақтау, өрттің алдын алу, болдырмаушараларына да бастыназараударылды. Сол себептi, бiздiң макқсатымыз – табиғат-ананың байлығын көзiмiздiңқарашығындайсақтап,өзiмiзөмiрсүрiп жатқан өңiрдiңигiлiгiүшiн жан-жақты қорғау. Ормандықорғау – бәрімізге ортақмiндет.

Жасқайрат СЕРКЕНОВ,
«Бұқпа» орман шаруашылығының орман қорғау шебері. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар