Электронды форматта тергеудің сапасы сөз болды

Жуырда Ақмола облысы прокурорының міндетін атқарушы В.М.Малаховтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді. Онда кінәлі тұлғалардың әрекеттерін қайта саралау және қылмыстық істерді электронды форматта тергеу сапасына қатысты мәселелер қаралды.

Жұмыс отырысына Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы, облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, полиция департаменті басшысының орынбасары және қала, аудан прокурорлары қатысты.

Дөңгелек үстелдің нәтижелері бойынша айыпталушының іс-әрекеттерінің саралау дұрыстығын қамтамасыз етуге, электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысты қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын сақтауға бағытталған шаралар әзірленді және тиісті нұсқаулар берілді.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар