Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізілді - АРҚА АЖАРЫ

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізілді

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминовтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел отырысында прокуратура, құқық қорғау органдары мен адвокаттар қауымдастығының өкілдері сотта істерді алқабилердің қатысуымен қарау жөнінде 2023 жылғы 1 қаңтардан  қарастырылған қылмыстық-процессуалдық Кодекске (ҚПК) өзгерістерді қолданысқа енгізу мәселелерін талқылады.

Раджаб Даминов кіріспе сөзінде Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдан бастап алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санатының құрамы 13-тен           32-ге дейін кеңейетінін атап өтті.

–Іс жүргізуге қатысушылардың біліктілігін арттыруға және ҚПК-ге енгізілетін өзгерістерді қолдануға дайындық жөніндегі мәселелерді талқылауға бағытталған бұл іс-шаралар өте маңызды, – деп атап көрсетті өз сөзінде облыстық соттың алқа төрағасы.

Дөңгелек үстел барысында соттағы алқабилердің қатысуымен сот тергеуінің ерекшеліктері туралы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрағасының міндетін атқарушы Ғалым Қайшыбековтың, тергеу амалдарын жүргізу кезінде қылмыстық қудалау органдары жол берген бұзушылықтар туралы Көкшетау қаласының тергеу соты төрағасының міндетін атқарушы Арман Жақыповтың баяндамалары тыңдалды.

Талқылау барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Владимир Малахов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бахтияр Сүлейменов, ҰҚК департаменті бастығының орынбасары Руслан Мұстафин және адвокаттар алқасының төрайымы Ғалия Ибраева сөз сөйледі.

Талқылау қорытындылары бойынша жосықсыз алқабилерді, тергеу барысында қысым жасайтын, қоғамдық пікірге әсер ететін және кінәсіздік презумпциясы мен жәбірленушілердің құқықтарын бұзатын, сотқа дейінгі кезеңдегі істер бойынша БАҚ-тағы жарияланымдардың авторларын жауапқа тарту бойыншаҚПК-ге өзгерістерді қолдау туралы ұсыныстар түсті.

Кездесуге қатысушылар заңнамадағы жаңа өзгерістерге сәйкес алқабилердің қатысуымен электронды істер бойынша техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және кәсіби дайындық мәселелерінде өзара іс-қимыл жасауға келісті.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар