Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Қалалық қазақ кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі аясында халқымыздың көрнекті перзенті, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеушісі, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»атты шара ұйымдастырылды.

Шараға «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ-нің төрағасы Марат Қойшин,Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, ақын-журналист Серік Жетпісқалиев, әдебиеттанушы ғалымдар,жоғары техникалық колледжінің оқытушылары мен  студенттері, №14 орта мектептің ұстаздары, оқушылары және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шарада Ахмет Байтұрсынұлының өмір жолы, шығармашылығы туралы мағлұмат беріліп, деректі фильм көрсетілді. Көпшілік оқырман назарына А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шара барысында №14 орта мектептің оқушылары Мүлкібай Мұстафа «Оқуға шақыру», Данияр Ернұр «Анама», Серік Рамазан «Ақын ініме», АяжанАткенова «Жиған терген», Меңдіғали Мақсат «Қара бұлт» атты ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.Жоғары техникалық колледжі студенттері Алина Карасникова, Юрий Вретиков А.Байтұрсынұлы аудармаларынан үзінділероқыды.

Ұлт көсемімізді өскелең ұрпаққа дәріптеп, шығармаларын насихаттау біздің парызымыз екені осы жолы да жақсы көрініс тапты.

Жанар Айтқожина,
Көкшетау қалалық қазақ кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар