Жастар әр қырынан біле түсті

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай, Көкшетау қалалықэлектронды кітапханасында «Темірқазық» әдеби ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлт ұстазы» деп аталатын  Khoot интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.

Кітапхана жанындағы «Темірқазық» әдеби ұйымының басты мақсаты қазақ жастары арасында кітап оқудың құндылығын арттыру, қазақ тілінің қоғамдағы мәртебесін көтеру, болашақ пен жас дарынның арасына көпір орнату болып табылады. Өлкеміз бен өңірлердегі ақын-жазушылармен кездесу ұйымдастырып, әдебиет әлеміне жаңалықтар енгізу де осы ұйымның басты бағыттарының бірі.

Ал, Kаhoot интеллектуалды ойынының басты мақсатына тоқталып өтетін болсақ, ұлт ұстазының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, көркем сөздің астарына үңілетін жастар шоғырын қалыптастыру болып табылады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанттары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен «Темірқазық» ұйымының мүшелері қатысты.

Жиналған қауымға қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі Ахмет Байтұрсынұлы туралы мол мағлұмат берілді. Кеш соңында тест арқылы жеңімпаздар анықталып, олар бағалы сыйлық, диплом және Алғыс хаттармен марапатталды. Атап айтар болсақ, 1 дәрежелі дипломмен Ақлима Исахова марапатталды.Ал,Гүлзат Қалымова мен Рахат Адамбеков екінші, үшінші жүлделі орындардан көрінді. Ойын өте тартысты, қызыққа толы өтті.

Нұрасыл АРАЛҚЫЗЫ,
Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің
«Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі» мамандығының 2 курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар