Қытайда тайфун салдарынан 1,3 млн адам эвакуацияланды

– Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының 1,3 миллионнан астам адам «Муйфа» тайфуны салдарынан эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 қыркүйек күні Чжэцзян провинциясының 1,3 миллионнан астам тұрғыны осы шығыс провинцияның жағалау аймағына соққан «Муйфа» тайфуны салдарынан эвакуацияланды. Сонымен қатар 11,8 мыңнан астам балық аулау кемелері портқа оралды. Чжэцзян билігі сәрсенбіде тайфун мен су тасқынына қарсы шаралардың ең жоғары деңгейін жариялады.

Тайфунның орталық бөлігіндегі желдің жылдамдығы Чжэцзянның жағалау аудандарына соққан кезде сағатына 150 км-ге дейін жетті. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Сәрсенбі күні кешке «Муйфа» тайфуны Қытайдың Шанхай мегаполисіне жетті. Билік барлық рейстерді қабылдауды және жіберуді тоқтату туралы шешім қабылдады. Шанхай метрополитенінің бірқатар бөлімшесінің жұмысы тоқтатылды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бейсенбі күні тайфун Шаньдун және Цзянсу провинциялары арқылы елдің солтүстігіне өтіп, біртіндеп күшін жоғалтады.

Фото: GlobalLookPress

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар