Атбасар тұрғындары жылу ақысын 5 есе қымбат төлеп келген – прокуратура

– Атбасар ауданының прокуратурасы жылу энергиясын пайдалану қызметі үшін тұтынушылардан негізсіз артық төлем алу дерегін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, прокуратура қызметкерлері жүргізген мониторинг барысында осы жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атбасар қаласындағы №1-шағынауданының 1-кварталында орналасқан №2 үйдегі (45 пәтер) жылу энергиясын есептеу құралдарының істен шыққандығы анықталды.

«ҚР заңнамасында тұтынушыда коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған кезде көрсетілген қызметтер көлемі есеп айырысу жолымен айқындалады деп белгіленген. Бұл ретте, наурыз айынан мамыр айына дейін «Атбасар Су» коммуналдық кәсіпорны жылу есептегішінің ақаулығына байланысты, Атбасар қаласындағы №1-шағынауданының 1-кварталында орналасқан №2 үйдің тұрғындарына әр ай үшін есеп айырысу жолымен жылу үшін шоттарды заңсыз шығарған. Соның салдарына көлемі бірдей тұрғын үйдің тұтынушылары жылу ақысын 5 есе қымбат төлеген. Осыған байланысты қадағалау актісі енгізіліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды. Бүгінгі күні қайта есептеу жүргізіліп, 45 пәтер тұрғындарының артық төлеген қаражаты алдағы жылыту маусымына есепке алынатын болады», – деді ведомстводан.

Айта кетсек, Бүгінгі таңда Атбасар қаласы бойынша тұрғын үйлерде 122 жылу және 8 133 су есептеу құралдары орнатылған. Тұтынушыларға жылу энергиясын беруді энергиямен жабдықтаушы ұйым жылумен жабдықтауға арналған жария шартқа сәйкес жүзеге асырады. Өз кезегінде тұтынушы жылу энергиясы үшін энергиямен жабдықтаушы ұйыммен коммерциялық есепке алу құралдары бойынша есептеседі.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында дәрі-дәрмектерді рецептісіз босатқан 12 фармацевт жауапқа тартылған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар