Көкшетауда кәсіпорын қызметкері 240 аккумуляторды заңсыз сатып жіберген

– Көкшетауда кәсіпорын қызметкері 240 аккумуляторды заңсыз сатып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көкшетау қалалық Полиция басқармасына ірі өнеркәсіптік кәсіпорын басшысынан өтініш түскен. Оның айтуынша, компанияның қоймашысы жалпы сомасы 14 миллион теңгеден астам аккумуляторлық батареяларды ысырап еткен.

«2021 жылдың маусым айынан бастап осы жылдың маусым айына дейінгі кезеңде кәсіпорында 240 аккумулятор жетіспейтіні анықталды. Аталған фактіге сәйкес тергеушілер ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу шеңберінде қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 67 жастағы қоймашыға қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды», – деп жазды полиция басқармасынан.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар