Ақмола облысының тұрғыны ауласында қарасора өсіріп, есірткі жасаған

– Ақмола облысының тұрғыны үй ауласында қарасора өсіріп, одан есірткі жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйектің 14-інде облыс аумағында жүргізілген «Қарасора-2022» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Целиноград ауданындағы Жаңаесіл ауылының 49 жастағы тұрғыны үй ауласында қарасора өсіргені анықталды.

«Үй ауласында өсіп тұрған, құрамында есірткі бар 30-ға жуық шөп табылып тәркіленді. Сонымен бірге, шаруашылық құрылыстардан 20 литрлік ыдысқа, 2 құтыға және 1 пакетке салынған сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат алынды. Тәркіленген зат есірткінің марихуана түрі болып саналады», – деді ведомстводан.

Полиция анықтағандай, ер адам қарасораны биылғы жылдың көктемінде үй ауласына отырғызған. Өсірілген қарасораны есірткі жасау үшін шикізат ретінде пайдаланған, ал кейін өзі де тұтынған.

«Қазіргі кезде осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі (есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды», – деп толықтырды ведомстводан.

Айта кетсек, Көкшетауда кәсіпорын қызметкері 240 аккумуляторды заңсыз сатып жіберген.

 952 Total Views,  6 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Өзге де жаңалықтар