Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін... - АРҚА АЖАРЫ

Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін…

Барша қазақтың мақтанышына айналған Ахмет Байтұрсынұлының биыл туғанына 150 жыл. Алаш баласының сауатын ашып, елімізді өркениетті мемлекеттердің қатарына қосуды мақсат тұтқан, «Жұрт ұқпаса, ұқпасын жабықпаймын. Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» деген Ахмет Байтұрсынұлы болашақ үшін қызмет етті.

Туған халқының рухани жаңғыруын тап ондай біліп, сол жолда қалтқысыз қызмет етіп, мәңгі ескірмейтін мол мұра қалдырған қайраткер қазақ даласында кемде кем. «Ахаң өткен ғасырдың басында ұлттық жаңғыруды бастап, оны бір арнаға салушы топтың басында тұрды. Олар бастаған қоғамдық қозғалысты қазір «Алаш қозғалысы» деп атап жүрміз. Алаш қозғалысы бұл, біріншіден, ұлт-азаттық қозғалыс, екіншіден, ұлттық жаңғыру қозғалысы да. Ахмет Байтұрсынұлы ұлы ағартушы болумен бірге үлкен саясаткер ретінде де көрінді. Оның тұлғасы әрқашанда биік азаматтықтың үлгісі болып, қала береді» дейді алаштанушы,тарих ғылымының докторы, академик Мәмбет Қойгелді.

Ғасыр басында қазағын «Маса» боп шағып, «Қырық мысалдап» үлгі-өнеге көрсеткен ақын Ахмет, ондаған жылын оқу-ағарту саласына арнаған ұлы педагог ғалымдық арнаға ауысуға мәжбүр болды. 1911 жылы өзінің «Оқу құралы» кітабын шығарды. Бұл – қазақтың тұңғыш «Әліппесі» болатын. Қазіргі қолданыстағы жаңа «Әліппе» ұлт ұстазы негізінде жасалған. «Тіл құрал», «Әліппе», «Оқу құралы» және басқада бірегей еңбектері Ұлт ұстазының бізге қалдырған қазыналы мұрасы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ музыкасымен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын білген, өзі де ән шығарған. Композиторлық дарынының айғағы «Аққұм», «Қарагөз», «Қарғаш»   және басқа да әндері.

Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетін шығару арқылы сол кездегі қазақ қоғамының деңгейін жаңа бір дәрежеге, жоғары сатыға көтерді. Заңғар жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, «Қазақ» газетінің дүниеге келуі «Шырт ұйқыда жатқан қалың қазақты дүр сілкіндіріп оятты». Ахметтің ұлылығы – оның ұлтжандылығы мен қарапайымдылығында. Ахмет Байтұрсынұлының ұлтына деген сүйіспеншілігі мен шексіз адалдығы туралы мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин: «Өзге оқырман мырзалар шен іздеп жүргенде қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді», деп баға берді. «Қазағым, елім!» деп еңіреп өткен Алаш қайраткерінің ұлтына жасаған ерен еңбегін бағалау, ұлықтау барша қазақ баласының парызы.

Биылғы жылы халқымыздың ұлы перзенті, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, XX ғасырдағы қазақ зиялыларының көш басында тұрған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде әлемнің бірнеше елінде, алдымен Қазақстанда кең ауқымда атап өтілуде.

Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында Ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған түрлі тақырыптағы  іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.5 қыркүйек  күні  кітапхана ұжымы ұлт ұстазының туған күніне және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Бір күнге жоспарланған шараға Шоқан Уәлиханов университетінің студенттері, №6 мектеп-лицейінің  оқушылары  және оқырмандар қатысты. Кітапханамыздың бөлімдеріне саяхат ұйымдастырылып, атындағы Көкшетау ақпараттық-библиографиялық қоры, жалпы бөлімдер бойынша кітап қоры, жаңа түскен әдебиеттер туралы ақпарат берілді. Бастауыш сынып оқушыларын кітапханаға түскен жаңа кітаптармен кітапханашы А.Жанғалиева таныстырды. Студенттер назарына ұсынылған«Алаштың ардақтысы» атты кітапханалық гидті жүргізген кітапханашы А.Ілиясова қайраткердің өмірбаяны, шығармашылығымен таныстырып, кітап көрмесінде қойылған әдебиеттерге  шолу жасады. Студенттер дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының  тіл, білім, еңбек туралы нақыл сөздерін оқып, өз түсініктерін ортаға салды.

Ұлт ұстазының  «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы – тарих» деген сөзін тірілтіп, 7 қыркүйек күні өткізген «Өлке тарихының ақиығы» атты кездесу-сұхбатқа тарих зерттеушісі, өлке-фольклортанушы, этнограф-шежіреші Есмағанбет  Мұсатай Ғалымұлы шақырылды. Сұхбаттасуға келген Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің физика-информатика факультетінің  1 курс студенттері үлкен әсер алып, ғалым, шежіреші ағаларының ақыл-кеңесін, қызықты әңгімесін ұйып тыңдады. Алаш ардақтысының өмірі мен шығармашылығы туралы келелі әңгіме өрбіді.Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев кездесу қонағына өз ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етіп,  естелік сыйлық тарту етті.

Тіл апталығы аясында мемлекеттік тілде сөйлей білетін талантты жастарды іздеп табу, мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздерін  насихаттау, өз елін, жерін, Отанын, туған жерінің мемлекеттік тілі мен салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында өзге ұлт өкілдері арасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Маған қазақша сөйлеу ұнайды» атты челлендж жарияланды. Челленджге қатысушылар өзі өмір сүрген қоғамның оқу‑білімге байланысты ең өзекті деген мәселелерін биік деңгейде көтеріп, оны шешудің басты жолын көрсете білген нар тұлғаныңқанатты  сөздерін  насихаттауда.

Еңбегi ерекше ағартушы-педагог, сөз құдiретiн танытқан жаңаша ақын, қазақ баспасөз тiлiнiң ұлттық үлгiсiн көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесiн көгертуге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткерi, жас совет үкiметiне адал қызмет еткен iрi қоғам қайраткерiнің тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды, әрине. Ұлт көсемі туралы жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермекші.

    Бақытжан АЙДОСОВА,
Көкшетау қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар