Өнеркәсіпті одан әрі өрістетудің мүмкіндіктері бар

Ақмола облыстық мәслихатының заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұрат Шәмшінұровтың жетекшілігімен осы комиссияның отырысы болып өтіп, Көкшетау қаласының индустриялық-инновациялық дамуының жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Негізгі мәселе бойынша Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Гүлмира Шукатова баяндама жасады. Ол 2010 жылдан бастап өңірлік Индустрияландыру картасы аясында облыс орталығында жалпы сомасы 80,3 миллиард теңгеге 1918 жұмыс орнын құрумен 33 жоба іске асырылғанын хабарлады. Индустрияландыру картасы бойынша іске қосылған кәсіпорындармен өнеркәсіптік өнімнің жалпы көлемінің 30 пайызынан астамы қамтамасыз етіледі.

Ағымдағы жылдың жеті айында өнеркәсіптің НКИ 79,3 пайызды құрады, 128 миллиард теңге сомаға өнім өндіріліп, қызмет көрсетілді.

– Жалпы, Көкшетау қаласында облысымыздың өнеркәсіп саласының бестен бір бөлігі шоғырланған: машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі. Облыс орталығында 200-ден астам, оның ішінде 30 ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Есепті кезеңде 57,8 миллиард теңге немесе 162,1 пайызы инвестицияланды. Инвестициялық тартымды салалар – тұрғын үй және өнеркәсіптік нысандар құрылысы, өнімді қайта өңдеу, сауда және қоғамдық тамақтану нысандары», – деп хабарлады Г. Шукатова.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Көкшетау қаласында 20 533 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 18 167. Олардан бюджетке түсетін сомасы 11 миллиард  200 миллион теңгені құрады.

Комиссия мүшелері, депутаттар У.Шоназаров, А. Гусев, Т. Пшенов, Б. Акимов, М. Ошақбаев, К. Антонюк сөз сөйлеушілерге және уәкілетті органдардың өкілдеріне, соның ішінде ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қ.Итқұсовқа бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтқанда, олар ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау мәселелерін көтерді. Халық қалаулыларының пікірінше, мемлекет белгілі бір жобаларды қаржыландырмас бұрын сұраныс пен рентабельділікті зерттеуі керек. Мысалы, өңірде бар май экстракциялық зауыттар толық қуатқа жүктелмеген, өйткені шикізат тапшылығы бар, дайын өнімді өткізуде де проблемалар бар.

Жалпы, белсенді диалог өтті, оның барысында Комиссия мүшелері облыс орталығына ғана емес, ауылдық жерлерге қатысты көптеген маңызды проблемаларды белгіледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Қаулы қабылданды. Көкшетау қаласы әкімінің орынбасарының есебін қабылдап, тұрақты комиссия мүшелері бірқатар ұсыныстар енгізді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар