Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар Елтаңба авторымен  кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Жастар Елтаңба авторымен  кездесті

Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай, Мәдениет және спорт министрлігі Геральдикалық зерттеулер орталығының және Ақмола облыстық әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы, «Құрмет», I дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері Жандарбек Мәлібекұлы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студент жастарымен кездесті. Бұл кездесу кеші «Рәміздер – ел беделі!» атты тақырыпта өтті.

Кездесу кешінің басты  мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді насихаттау және оларды қолданудың нормативтік-құқықтық жүйесін түсіндіру, өңір жастары мен ғалымдар, қаламгерлер қауымын қазақ геральдикасының арғы-бергі тарихына назар аударту, жергілікті басқару органдары қызметкерлерінің мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін білуін және Елтаңбамызға өңір тұрғындарының құрметін қалыптастыру болып табылады. Танымы мол танымды іс-шараға зиялы қауым өкілдері, университет ғалымдары мен оқытушылары, студент жастар қатысты. Кездесуді аталмыш университеттің ректоры  Марат Сырлыбаев жүргізіп отырды.

Елтаңба – бүкіл әлем мойындаған мемлекетіміздің ерекше маңызды нышаны. Кезінде тәуелсіз Қазақстанның рәміздерін жасау, оны халық талқысына салу, арнайы құрылған мемлекеттік комиссияның сараптамасынан өткізу үлкен жұмыстарды қажет еткені белгілі. Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлы өзінің өмірі, Елтаңбамыздың шығу тарихы жайлы жастарға кеңінен тарқатып айтып берді.

– Елтаңбаны жасау үшін еліміздің тарихын, дәстүрін зерттедім. Оған бір айдай уақыт кетті. Қазақ халқының мәдениеті тереңде. Мен осы елдігіміздің, ұлтымыздың ұлылығын айқындап тұратын айшықты дүниелерді өрнектесем дедім, – деді Жандарбек Мәлібекұлы кездесу барысында.

Жиын барысында геральдикалық зерттеулер орталығының директоры Асылбек Баяжұма сөз сөйлеп, жастарға патриоттық тәрбие беруді күшейту туралы келелі ойларды ортаға салды. Жастар да мағыналы сұхбаттан үлкен тағылым алып, кезек-кезегімен сұрақ қойып, оларға тұшымды жауап алды.

  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар