«KOKSHE» ӘКК қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бизнес және қоғам өкілдерімен талқыланды

Ақмола облысында «Атамекен» ҰКП филиалының алаңында «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың қорытындылары талқыланды.

Кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин, өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшылығы, облыстық және аудандық Қоғамдық кеңестердің, саяси партиялардың өңірлік филиалдарының, квазимемлекеттік сектор және бизнес ұйымдарының, сондай-ақ өңірдің мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның ақпараты бойынша, заңнамадағы олқылықтар және ӘКК ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінің жетілмегендігі сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдай жасайды, бұл өз кезегінде азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына елеулі қатер төндіреді.

Талдау көрсеткендей, ӘКК қызметіндегі негізгі проблемалық мәселелер нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, төмендетілген құн бойынша активтерді сату, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) бағаларды тұрақтандыру шараларын қабылдамау болып табылады.

ӘКК мақсаты – бизнес-бастамаларды қолдау және өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыру. Алайда, талдау ӘКК шығынды кәсіпорын екенін және негізінен әкімдіктің қаржылық қолдауы есебінен жұмыс істейтінін анықтады.

2014 жылдан бастап корпорация бірлескен жобаларды іске асыру үшін шамамен 40 түрлі ЖШС құрды, алайда олардың көпшілігі іс жүзінде өз қызметін жүзеге асырмайды. Облыстың Антикоррупциялық қызметі әрекетсіз ұйымдарды жоюды, сондай-ақ негізгі мақсаттарға қол жеткізбейтін жаңа ұйымдардың құрылуын болдырмауды ұсынды.

Жайылымдық жер учаскелеріне ерекше назар аударылды. Белгілі болғандай, кәсіпорын Бурабай ауданында осындай 17 учаскені мақсаты бойынша пайдаланбаған. Бұл ретте аудан тұрғындарынан мал жаю үшін жайылымдардың тапшылығына шағымдар келіп түсуде. Облыстық Антикордың бастамасы бойынша ӘКК өз еркімен мемлекетке 11 жер учаскесін қайтарды. Қалған 6 учаскені қайтару жұмыстары жалғасуда. Қабылданған шаралар жайылымдық жерлердің тапшылығын және әлеуметтік шиеленісті ішінара төмендетуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Департамент басшылығы «KOKSHE» ӘКК қызметінде оң динамиканың жоқтығын атап өтіп, осы бағытта тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Сондай-ақ кеңесте «Әділ талап ет!» акциясы шеңберіндегі автомобиль жолдарына қоғамдық мониторинг қорытындылары ұсынылды, кәсіпкерлердің азаматтық-құқықтық қатынастардағы құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар