2022 жылдың 21 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Жайдарлы Жас Ұлан» облыстық онлайн-сайысын өткізді.
Іс – шара өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, балалар мен жасөспірімдер бастамаларын дамытуға бағытталған.
Сайыс төмендегі кезеңдер бойынша өтті:
– Таныстыру;
– Үй тапсырмасы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, командалардың бейне материалдары келесі талаптарға сай болуы керек: мәдениетті сахналық деңгейі (сөйлеу мәдениеті, сахнада өзін-өзі ұстауы), жанрлардың көптүрлігі, тапқырлық, актерлік шеберлігі және т. б.
«Жайдарлы Жас Ұлан» сайысында облысымыздың аудан/қалаларынан 12 топ бағын сынады.
Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Бурабай ауданы, «Фаворит» командасы;
2 орын – Аршалы ауданы, «Балалар партиясы» командасы;
3 орын – Жақсы ауданы, «Қос нүкте» командасы.
Жеңімпаз командалар дипломдармен, ал жеңген командалардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқандары үшін сертификаттар табысталады.