Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шаңырақтың шырайы уығынан - АРҚА АЖАРЫ

Шаңырақтың шырайы уығынан

 Ана мен бала тақырыбында сөз қозғар сәтте, көңіл толқымай тұра алмайды. Себебі, отбасы дейтін нәзік тақырыпта ана мен баланың бір-біріне деген шексіз сүйіспеншілігін толқымай жазу мүмкін еместей. Ана мен бала арасында тылсым сыр, тылсым сезім, шексіз байланыс бар. Сол шексіздік мәңгілік ғұмырға ұласқан. Ешкім де, ешқашан да ана мен баланы айыра алмайды. Тағдырыңды біреу талқандаса да, арадағы жіпсіз байланыс бәрібір жүректен кетпейді, өшпейді ешқашан. 

  Иә, жоғарыда «біреу тағдырыңды талқандаса да» деген тіркесті қолданып, айтып қалдық. Бұл да бекерден бекер емес. Өмір болғасын ақ пен қара, күңгей мен көлеңке, қызық пен қуаныш, жақсылық пен жамандық бір сөзбен айтқанда тағдырдың бұлтартпай бұғаулайтын сәттері болатыны өмір заңдылығы. Бәрінен де сол ғұмыр көшінде қыздардың көз жасы төгіліп жатса, сол қайғы…

Бірақ, жақсылықты да, орын алып жатқан жамандықты да айтып отыруымыз, жалпақ жұртқа жеткізуіміз міндет. Оны біз айтпай-ақ, халық бәрін біліп те жүр. Қыздардың өз баласынан жерінгендері, отбасындағы ойранның жиілеп кеткендігі, ажырасулардың көбейгендігі, жалпы отбасы дейтін ұлы ұғымға селкеу түсіп, ұлттық құндылықтардың қадірі қашып жатқандығы көңілге қаяу түсіреді. Біз бұдан қалай арыламыз? Мәселе қайтсе шешімін табады? Кімнен ақыл, кімнен қамқор күтеміз? Әсіресе, нәзікжанды қазақ қызы өмірдің өкпел желінде қалса кім оған пана болады? Асқар таудай әкесі болмаса, қыран қанатына алып, қамқоры болатын ағасы болмаса, қызғалдақ ғұмыр солып, үзілмей ме?

Иә, қаншама тағдыр талқандалды. Қаншама қызғалдақ ғұмыр үзілді. Қаншама жәудіркөз жетімдіктің құрсағында. Өткенде бір жиналыста Ақмола облысында жетімдер үйі жоқ деп жар салды бір шенеунік. Дұрыс-ақ! Ал, біз осындай кесек ой айта отырып, өңірімізде жетімдер жоқ деп айта аламыз ба? Жоқ! Иә, рас, мемлекеттік мекеме таратылған шығар, бәлкім атауы өзгерді ме? Бірақ, күрмеулі мәселе сол күйінде қалды ғой. Жетімнің тағдыры бәрібір де сол ұлттың мойынында. Себебі, біз бір қаннан нәр алғанбыз, бір тектен жаралғанбыз.  Ал, шаңырақтың шырайы, шуаққа шомылып тұруы һәм берік болуы уығынан!

Ажырасулар көп деп дабыл қағып жатырмыз. Ал, ажыраспай отбасындағы ойранға төзіп, өз тағдырын құрбандыққа шалған қаншама қаракөз бар. Отбасындағы ойранды көріп өскен жасөскін балалардың тағдыры тіпті алаңдатады.

Таяуда Ақмола облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ерболат Хусаинов «Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» баяндама жасады. Сол баяндамада айтылған деректерге сүйенетін болсақ, ағымдағы жылы тұрмыс саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 27 пайызға (55-тен 40 фактіге дейін) төмендеген.   Алайда, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі қашанда басты назар аударатын өзекті мәселелердің бірінен деді ол. Тіркелген 40 қылмыстық құқық бұзушылық фактісінің 22-сінде әйел азаматша жәбірленген, оның ішінде 1 кісі өлтіру фактісі тіркелген. Отбасындағы ойранның кесірінен  3 әйел азаматша алған жарақаттарынан қайтыс болыпты.

Өткен жылы  248 әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны болған. Бұл үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түрінде жауапкершілік қарастырылған. 538 азаматқа ескерту  берілген.  Бұл сот органдарына жүгінгендер саны ғана. Ешкімге айтпай, «бас жарылса бөрік ішінде,  қол сынса жең ішінде» деп жүрген жандар қаншама?!

Тұрмыстық құқық бұзушылықтардың ауыр салдарын азайту мақсатында биыл маскүнемдіктен зардап шегетін 343 адамға қатысты алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеудің алдын алу шаралары қолданылды, оның ішінде 200-ден астам азамат облыстық наркологиялық ауруханаға жатқызылған екен.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған әйелдерге қолдау көрсету мақсатында өңірімізде дағдарыс орталықтары ашылған болатын. Бүгінгі таңда біздің облыс аумағында осындай 9 орталық жұмыс істейді.  Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған 300 адамға көмек көрсетіліпті. Оның 228-і бала.

  …Иә, кез келген жағдайда біз біреуді кінәлауға, сыртынан тон пішіп сөйлеуге шеберміз. «Басқа түссе баспақшыл» деген қазақ. Көнбіс мінез қазақы қанымызда. Дегенмен де, ғұмыр жалғасым деп етегінен ұстаған жан жарыңнан көңілің қалса отбасын сақтау мүмкін бе? Көңіл қалса араласып бірге тұрмақ түгілі, жай хабарласып сөйлесуге де құлық болмайды-ау! Не де болса да, шаңырақтың шырайын келтіретін әйел баласы екендігін ұмытпауымыз керек. Әр қызға ұрпақ болашағы деп қарасақ, ұтылмайтынымыз анық… 

 Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар