«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады

Тақырыбы: «ЕАЭО-ға қатысушы елдердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер – жұмыс берушілер үшін Қордың электрондық сервистерін дамыту».

БЖЗҚ 2022 жылдың 29 қыркүйегінде онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Мақсатты аудитория: заңды тұлғалардың, оның ішінде шағын және орта бизнестің өкілдері.

Іс-шараның мақсаты:

–    ҚР зейнетақы жүйесімен таныстыру;

–    ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасы халқының хабардарлығын арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

–    қатысушыларды «Заңды тұлғаның кабинеті» сервисінің қосымша функцияларымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (алушыларға) жасалған Келісім аясында ҚР зейнетақы жүйесінің құрылымына, ЕАЭО-ға қатысушы елдерде зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты түсіндірмелер беріледі.

Бұдан бөлек, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңестер береді.

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 29 қыркүйекте сағат 10:00-де және 15:00-де онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет bit.ly/akm-kabinet Содан кейін event-кеңес нөмірін енгізу 2519 652 9117 және event-кеңес паролін енгізу 1234 қажет.

«БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнінде» өзінің салымшыларын, алушыларын және қатысуға ниет білдіргендерді күтеді!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар