Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Дина Ахметжанова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап цифрлық отбасы картасын пилоттық режимде енгізу туралы хабарлама жасады.
Бүгінгі күні «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қолдау шараларына мұқтаж тұлғалардың тізімдерін енгізубойынша 20213 отбасықамтылған. Ағымдағы жылы АӘК төлеуге республикалық бюджеттен барлығы 824 миллион теңге, Көкшетау және Степногорск қалаларымен аудандардыңбюджетінен 185 миллион теңге бөлінген. Мемлекеттік әлеуметтік көмек беру бойынша балаларды қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 218 миллион теңге бөлінген.Бір жастан үш жасқа дейінгі балаларға және үш жастан алты жасқа дейінгі балаларғаазық-түлік пакеттерінің екі түрін беруқарастырылған. Мәселен, бір жастан үш жасқа дейінгі балағажеміс немесе көкөніс пюресі, нәресте ботқасы, жүгері ұнтағы, сұлы жармасы, балалар печеньесі, пастерленген сүт беріледі. Ал, тұрмыстық заттар жиынтығына балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, балалар кремі, кір сабын, кір жуғыш ұнтақ кіреді.
Облыс бойынша 1қыркүйектегі мәліметке сәйкес, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға218 миллион теңгенің 17,3 мың дана әлеуметтік пакеті берілген.Әлеуметтік көмектің осы түрін алушылардың өтініштерін ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік әлеуметтік пакет табиғи көмек түрінен ақшалайтүріне ауыстырылады.
Жұмыспен қамтудың жаңа саясатыбойынша Ақмола облысында 2023 жылы Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасымен 1643 жас қамтылады деп күтілуде.Осы мақсатта әлеуметтік сатылар жүйесін құру және жастарды қолдау бағдарламаларына деген көзқарасты қайта қарау қажет. Осылайша Мемлекет басшысы жариялаған жастардың кәсіпкерлік бастамаларына 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беру қолға алынбақ.
Облыста жастардың жалпы саны 158089 адамды құрайды.Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында 15 бен 28 жас аралығындағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 2020 адамды құраған. Ал, осы жылдың екінші тоқсанында Ақмола облысы бойынша 15 бен 28 жас аралығындағы жастардың жалпы санынының NEET-тегі үлесі 8700 адамды құрап отыр. Сондықтан, жұмыспен қамту органдары жастардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бағытына баса назар аударуда. Хабарламашының айтуынша, жаңа көші-қон саясатында әлеуметтік кодекс жобасын дайындау шеңберінде бұрынғы тәсілдер концептуалды түрде қайта қаралып, көші-қон саясатының негізгі басым бағыттарын айқындайтын жаңа «Ашық Қазақстан +500» тұжырымдамасы дайындалған.Бұлтұжырымдама еңбек нарығының тапшы мамандықтар бойынша мамандарға деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған бірқатар шараларды қарастырады.
Ең сұранысқа ие мамандықтарға келсек, олар ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі, барлық санаттағы аспазшылар, газ-электр дәнекерлеушілері, мектепке дейінгі тәрбиешілер, қызмет көрсету және сату қызметкерлері және тігіншілер.Сондықтан, бұл салаға тапшы мамандықтар бойынша біздің отандастарымызды оқытып-үйрететін 100 үздік шетелдік мамандарды тарту жоспарлануда. Бұл мамандардың міндеті өндірісте жұмыс істейтін қазақстандықтардың білімі мен біліктілігін арттыру болмақ.Олар үшін тұруға ықтиярхаты бар «Бағалы дағдыларға арналған виза» енгізіледі және қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру үшін тұрақты жаңартылатын бағалы дағдылар рейтингі қалыптастырылатын болады.
«Ашық Қазақстан +500» жаңа Тұжырымдамасының жобасында бизнес-иммиграцияға қатысты көзқарастар өзгеруде. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан экономикасына бір уақытта 300 мың АҚШ долларынан астам инвестиция салған шетелдік бизнес үшін инвестициялық және іскерлік визаларды алу шарттарын қайта қарау ұсынылады. «Инвестициялық виза» 10 жылға тұруға рұқсат береді. Виза иесі бизнесін тіркей алады, мүлікті иеленіп, қаржылық операцияларды жүргізе алады. Бұл Қазақстанға жылына 100-ге дейін бизнес-инвесторларды тартуға, әсіресе, креативті индустрияны дамытуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы жылғы 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 19 кәсіпорын шетелдік жұмыс күшін тартуда. Демек, шетелдік жұмыс күшін тартуға 41, оның ішінде бірінші санат бойынша 5, екінші санат бойынша 11, үшінші санат бойынша 25 рұқсат жарамды деп танылып отыр. Бұл шетелдік жұмысшылар Украина, Оңтүстік Африка , Тайланд, Қытай, Индонезия, Үндістан, Германия, Швейцария, Канада, Дания, Ұлыбритания, Тәжікстан және Түркия елдерінен тартылған.
Сонымен қатар, осы жылдың басынан бері 108 отбасы немесе 198 адам қандас мәртебесін алған. Оның ішінде Моңғолиядан 83 адамнан тұратын 51 отбасы келсе, Ауғанстаннан 35 адам(бес отбасы), Өзбекстан 45 адам (25 отбасы), Ресейден 18 адам(15 отбасы) келіп отыр. Қытайда13 адам (8 отбасы), Қырғызстан екі адам және Түркіменстан екі адамкеліп орналасқан.
2022 жылға қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 258 адам мөлшерінде белгіленген. Биылғы жылдың басынан бері облыстық квотаға 44 отбасы немесе 88 адам енгізілген.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.