«Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалінің жүлдегерлері марапатталды

Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының мәдени-демалыс іс-шараларына қызығушылығын арттыру, жастар ұжымдарының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Достар» мәдениет сарайында «Сәлем, Көкшетау!» облыстық байқау-фестивалі өтті.

Вокалдық-аспаптық ансамбльдер мен кавер топтар ашық алаңда қазақстандық авторлардың жазған сүйікті қаласы туралы әндері мен шетелдік танымал эстрада әндерін орындады.
Қатысушы ұжымдар кезек бойынша өз шығармаларын көрермен назарына ұсынды.

Қатысушылардың өнерін бағалап, әділ бағасын беретін қазылар алқасының құрамына «Қаракөз» ансамблінің жетекшісі, белгілі сазгер – Болат Есмұханов, Сазгер, балаларға арналған әндер жинағының авторы – Ерлан Тәшев, «Джарайд» ансамблінің жетекшісі – Мұрат Құлатаев енді. Тартысты өткен байқау-фестиваль қорытындысы бойынша орындар келесідей анықталды:

Гран-при – «Life band» ансамблі (Көкшетау қаласы);
1 орын – «Рабочий квартал» ансамблі (Атбасар ауданы);
2 орын – «Нұресіл» ансамблі (Целиноград ауданы);
3 орын – «Жалын» ансамбліне (Зеренді ауданы) тиеісілі болды.

Бурабай ауданының «Нұрсәт» ансамблі белсене қатысқаны үшін алғыс хатымен марапатталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар