Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үй құрылысы кешеуілдеуіне ешбір жол берілмеуі тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үй құрылысы кешеуілдеуіне ешбір жол берілмеуі тиіс

Әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің құрылысы баяулап қалды. Өңірімізде бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан 36 үйдің 21-інде мерзімінен кешеуілдеу қаупі төніп тұр. Бір ғана Көкшетаудың өзінде жыл соңына дейін10 нысанның бесеуі ғана пайдалануға берілуі мүмкін.

Мәселенің түп-төркіні белгілі: құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты құрылыс сметалық құжаттарын түзетуге тура келді, заңда көрсетілген барлық тәртіп сақталғанша, қымбат уақыт өтіп жатыр. Дегенмен, жуырда өткен мәжілісте облыс әкімі Ермек Маржықпаев қадап айтқанындай, жергілікті билік тиісті жұмыстарды мерзімінде атқарып шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек.«Түсіндірулерді ешкім тыңдамайды. Жоспар бар, баспанаға зәру адамдар бар», – дедіәкім осы орайда.

Облыстық құрылыс және сәулет басқармасының басшысы Марат Әубәкіров өз баяндамасында атап өткеніндей, биылғы жылы 694 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға беру жоспарланған немесе бұл өткен жылмен салыстырғанда 116 пайызға орындалған. 400 мың шаршы метр тұрғын үй жалға берілген. Алайда, бұл көрсеткішке коммерциялық және жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру есебінен қол жеткізілген.

Биыл әлі бірде-бір «бюджеттік» үй аяқталған жоқ. Ал, бұлтұрғын үй кезегіндеоблыс бойынша 22,5 мыңнан астам адам тұрғаны белгілі.Сондай-ақ, жиында белгілі болғанындай, биыл тапсырылады деп жоспарланған үйлердің өзі іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары әлі аяқталмаған. Суықтың алдында, бір-екі аптадан кейін асфальт төсеу мүмкін болмай қалуы мүмкін.

– Тұрғын үйді пайдалануға берген бойда адамдар тез арада жаңа пәтерлерге көшуі керек, – деді аудан басшыларына қарата Ермек Маржықпаев. – Демек, инженерлік желілер дайын болуы аумақты абаттандыру жұмыстары да аяқталуы керек. Қазір аумақты ретке келтірмесек, үйлерді беру келесі жылға шегеріледі. Бұған жол беруге болмайды.

Әкімдік отырысында көтерілген тағы бір түйткілді мәселе «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс тұрғындарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер телімдерін ретке келтіруге қатысты болды. Облыстың барлық өңірлерінде осы учаскелерге қажетті коммуникацияларды – су, кәріз, электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Алайда, бұл жұмыстарға мемлекет тарапынан қомақты қаржы жұмсалғанымен, жерді игеру жұмыстары нашар атқарылуда.

Өзіңіз бағалаңыз. Облысымызда қазірдің өзінде 2132 жер учаскесі инженерлік желілермен қамтамасыз етілген. Бұл үшін бюджеттен 3,9 миллиард теңге жұмсалған. Оның ішінде облыс тұрғындарына құрылысқа1483 жер телімдері берілсе, бөлінген учаскелерде барлығы 175 тұрғын үй салынып, тағы 42 үйдің құрылысы басталды.Мәселен, Степногорск қаласында 253 учаске инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, 85 учаске бөлініп, алты үйдің құрылысы басталған. Атбасар ауданында инфрақұрылымы бар 69 жер телімінің барлығы тұрғындарға беріліп, 3 тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ, Аршалы ауданында 277 жер телімінің 208-і пайдалануға беріліп, 79 үй салынған. Ал, Ақкөлде бөлінген 491 жер телімінің 64-іне үй салынған. Жалпы, құрылысқа берілген жер телімінің осындай нашар игерілуі оған салынатын барлық жеке үйлердің біртұтас сәулеттік үлгіде жасалуы тиіс екендігін белгілейтін мемлекеттік бағдарламаның ережелерімен байланысты болуы мүмкін. Бағдарламаның шарттарын орындау үшін аудан әкімдіктері құрылысқа инвесторлар тартуы қажет. Облыс әкімі мемлекет қаржысы желге ұшпас үшінаудан басшыларынабұл жұмысты жандандыруды шегелеп тапсырды.

Отырыста сонымен қатар, тұрғын үй қорын одан әрі ұлғайтуға дайындықты ширату, жаңа үйлер салуға, инженерлік желілерді жаңа жер телімдеріне қосуға жобалық-сметалық құжаттаманы тездету қажеттігі талқыланды. Алайда, атап өтілгеніндей, көптеген өңірлерде, оның ішінде қарқынды дамып келе жатқан астанаға жақын өңірлер мен облыс орталығында мұндай жұмыстар жүргізілмей жатқаны анықталды. Мәселені талқылауды қорытындылаған Ермек Маржықпаев жыл соңына дейін жоспарлар аяқсыз қалмас үшін облыстағы барлық құрылыс нысандарын жүзеге асыруды жандандыруды тапсырды.

Әкімдік отырысында облыстық цифрландыру және мұрағаттар басқармасының басшысы Бауыржан Рапықов та сөз сөйлеп, басқарма жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды.

Отырыстың қорытындысында ағымдағы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, өңір басшысы Ермек Маржықпаев егін жинау науқаны жақсы нәтижелермен аяқталып келе жатқанын атап өтті. Шамамен 5,2 миллион тонна астық жиналады, биылғы жылы гектарына орташа түсім 11 центнерді құрап, өткен жылмен салыстырғанда төрттен бір есеге көбейгелі отыр.

Сонымен қатар, атап өтілгеніндей, облыста қысқы жылу беру маусымы басталып, тұрғын үйлер мен нысандар кезең-кезеңімен жылуғақосылуда. Облыс әкімі 3 қазан, дүйсенбіге дейін облыстағы барлық үйлерге жылу беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
Владислава КОКОРИНА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар