Қатарынан екінші жәрмеңке

Өткен сенбі күні облыс әкімі Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында өткен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін аралап, дүңгіршектер мен ондағы өнім түрлерін қарап шыққаннан кейін осындай іс-шараны аудан орталықтары мен қалаларында да өткізу қажеттігін тілге тиек етті.

–Біз бұл үрдісті  бұрын да жоспарлаған едік. Халық үшін бұл өте маңызды. Жақында Зеренді ауданында төмендетілген бағамен әлеуметтік маңызы бар тауарлар дүкені ашылды. Мұндай дүкендерді барлық аудан орталықтарында ашу керек деп ойлаймын, – деп атап өтті ол.

Облыс орталығында өткен жәрмеңкеде тұтынушыларға 63 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды. Жәрмеңкеге Атбасар, Астрахан, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Жақсы, Жарқайың, Целиноград аудандары мен Көкшетау қалаларынан 90-ға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші өз өнімдерін әкелді.

Ауарайының салқындығына қарамастан, қала тұрғындары таң атысымен орталық алаңға асықты. Саудаға шығарылған өнімдердің бағасы қолжетімді болды. Мысалы, сиыр етінің бір келісі 2100 теңге, күнбағыс майының 5 литрі 4 мың теңге тұрды.

Көптегенауылшаруашылығымамандарытауарларын тез сатты. Етөнімдері, картоп, күнбағысмайыүлкенсұранысқаиеболды. Мысалы, Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылының шаруалары етті санаулы сағат ішінд сатып үлгерді.

–Бізкөбінекартоп пен етөнімінәкелдік. Осы екіөнімхалықтың мол сұранысынаие. Ауыл тұрғындары үшін бұл жәрмеңке өз тауарларын тез сатуға тамаша мүмкіндік. Халық көбіне мал шаруашылығымен айналысады. Сондықтан өнімдерін өткізгілері келеді, – деді ауылдық округі әкімі Жылқайдар Балахметов.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер халықтың әлеуметтік маңызы бар өнімдерді тиімді бағада сатып алуына қолайлы.

Жыл сайын ақмолалық ауылшаруашылығы тауарын өндірушілері қазан айында елордалықтарға осындай екі жәрмеңке де ұсынады. Сондай-ақ, биыл қараша және желтоқсан айларында облыс орталығында үш жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА. 

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар