2022 жылғы 04 қазанда «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталықта жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Үздік мектеп медиаторы» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Іс-шараға Атбасар, Жарқайың, Целиноград, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласынан 23 оқушы қатысты.
Шығармашылық байқау келесі бағыттар бойынша өтті:
1) «Жанжал және оны шешу» тақырыбында суреттер байқауы;
2) Мектеп медиациясы қызметтерінің логотиптер байқауы;
3) Мектеп медиация тақырыбындағы бейнефрагменттер байқауы.
«Мектеп медиациясының қызметіндегі жанжал және оны шешу»;
4) «Медиатор – келіссөздер шебері» эссе байқауы.
Құзыретті әділқазылар алқасының бірауыз шешімімен «Үздік мектеп медиаторы» республикалық байқауының іріктеу кезеңінің жеңімпазы Көкшетау қаласындағы №12 орта мектептің оқушысы Абзалбек Сайора Азаматқызы атанды.
Жеңімпаз Ақмола облысы білім басқармасының дипломымен, жетекшісі Алғыс хатпен марапатталады. Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.