ЮНЕСКО Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтті

 Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын біздің ел ғана емес, ЮНЕСКО атап өтіп жатыр. Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде Алаш арысының мерейтойына орай, арнайы іс-шара болып өтті.

Ұлт ұстазы ұлықталған жиынға қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткерлері, отандық және шетелдік ғалымдар мен зерттеушілер қатысты. «Ахаң, Алаш үшін қажет құндылықтардың жолында еңбек етті. Оқу, ғылым мен мәдениетті біріктірді», – дейді ғалымдар.

Жиында ұлт ұстазының ағылшын тіліндегі жинағы таныстырылды. Бұл кітап қазір ЮНЕСКО кітапханаларын толықтыруда.  ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Синь Цюй:

– Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Оған қазақ өркениеті, тілі мен мәдениеті үшін алғыс айтамын, десе,  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұлов, «Бүгінгі өткен іс-шараның негізі өте зор, ол әрине, ел үшін ғана емес, жалпы ғылымның  дамуы үшін, болашақ ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды», – деген пікір қосады.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Мәмбет Қойгелдиев,  «Өкінішке орай, соңғы жылдарға дейін біз оны тек қана жалпы Ресейлік империялық контексте қарап келдік. Бұл қозғалыс мынау халықаралық контексті бүкіл дүниежүзілік, ұлт-азаттық қозғалыс арнасында қаралғанда ғана біз толық ашыламыз. Сондықтан, бұл мұра ЮНЕСКО шеңберінде Париж қаласында өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналды. Сол себепті, бұл біздің қазақ тарихын, оның мәдениетін халықаралық дәрежеде тарату үшін өте маңызды оқиға болып табылады, – деп ой түйеді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар