Ағалар өнегесі – жастардың еншісі

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам ғана өмірде құрметке бөленетіндігін түсінеді. Адам тек еңбектің арқасында жетіліп дами бермек.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Еңбек – елдің  мұраты» жобасы аясында Көкшетау қалалық Застанционный үлгілі кітапханасының ұйымдастыруымен адам еңбегінің статусын арттыру мақсатында  «Адамның айнасы – оның еңбегі»тақырыбында қоғам қайраткері, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Республикасының үздік өлкетанушысыМұрат қажы Ыдырысұлымен кездесу өтті.

Мұрат қажы Ыдырысұлы шара барысында өзінің еңбек жолына, «Абылайдың қара жолы» ғылыми-танымдық экспедицияның анықталмаған дүниелерді тауып, тарихтың ақтаңдақ беттерін қайта бір жаңартқанына тоқталды. Оқырмандарды кітап оқуға, адам мен адам арасындағы қарым-қатынастарда адамгершілік, сана-сезім болуына шақырды. Секен шешен айтқандай,«Батамыз –тілек айту кеншілерге, Тәнірім риыздық шашып еншілер де. Еңбекші әрқашанда  жолың болсын, халқымыз еңбегімен риыздық терсе. Өмірде еңбегі озат кеншілерім, ақбата біз айтамыз еншілерін» дегендей, Мұрат қажы өз ақ батасын берді.Іс-шара барысында кітапхананың оқырмандары өз сұрақтарын ортаға салды.Мұрат қажы  Ыдысұлының өлеңдерін №14 орта мектептің оқушылары Айым Қалқаман, Аяулым Боранбаева оқыды.Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Серік Жетпісқалиев Мұрат қажы Ыдырысұлына алғысын білдірді.

Адам еңбексүйгіштіктің арқасында мақсатына,мұратына жетеді.Еңбек адамзаттың табиғи жетістіктерінің бірі.Еңбек түбі – берекет. Ырыздық-несібе еңбекте. Еңбек ету арқылы рухани және материалдық кемелдікке жетеміз.  Еңбектің берекеті адалдық пен туралықта. Халқымыздың еткен еңбегі берекетті болғай! Міне, кеш тағылымы осыған саяды.

Қарлығайын НӘКЕШЕВА,
Застанционный үлгілі  кітапханасының меңгерушісі.

 Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар