Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адвокатура және нотариат: қызмет көрсету тәртібі - АРҚА АЖАРЫ

Адвокатура және нотариат: қызмет көрсету тәртібі

Әрбір азаматқа  қорғануға мемлекет құқық береді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Заңында жазылған. Заңды және жеке тұлғаларға заң көмегін, әртүрлі құқықтық субъектілерінің, сонымен қатар, адвокаттар мен нотариустардың қызметтерін көрсетеді. 

Адвокаттық және нотариаттық қызметтерді жүзеге асырудың негізгі талаптарының бірі – мемлекеттік лицензиясының болуы. Лицензия алу бірнеше сатылардан тұрады. Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерлер әділет органдарында мемлекеттік қызмет алады.Көрсетілетін мемлекеттік қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 40-бабының 2-тармағына сәйкес, адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам тағылымдамадан ойдағыдай өткеннен кейін адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияға «Электрондық үкіметтің» веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, өзін аттестаттауға жіберу туралы өтініш жібереді.Сонымен қатар, «Нотариат туралы» Заңының 7-2 бабының 2 тармағына сәйкес нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарын қоса тіркей отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы өзінтиісті нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттауға жіберу туралы өтінішін тұрғылықты жері бойынша әділет органының аттестаттау комиссиясына жолдайды.

Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысуға үміткер тұлғалар www.egov.kz, www.elicense.kz. электрондық үкімет веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы бойынша  электрондық құжаттарын тапсырады.Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» және «Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» бойыншакөрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарында келтірілген.

Мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау»  жүйесінің мемлекеттік дерекқоры арқылы тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысатын тұлғаларды аттестаттау екі кезеңнен тұрады. Олар Қазақстан Республикасы заңдарын білуге компьютерлік тест жасау жәнеемтихандық билет бойынша ауызша тапсырмаларды орындау.

Компьютерлік тестке жұмсалатын жалпы уақыт 100 сұраққа 90 минутты  құрайды. Қызмет алушы компьютерлік  тесті  ұсынылған жалпы сұрақтардан егер 70 (жетпіс)  дұрыс жауап алатын болса, компьютерлік  тесттен өткен болап саналып,  екінші кезеңге жіберіледі. Ал, екінші кезеңде қызмет алушыға практикалық тапсырмаға дайындалу үшін 10 (он) минут беріледі. Үміткердің практикалық тапсырмасының дұрыс жауабы комиссия мүшелерімен бес балдық жүйемен бағаланады. Аттестаттау немесе атестаттамау туралы комиссияның шешімі аттестация өткізілген күні шығарылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді. Ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.

Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау туралы шешім шығарылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау туралы шешім де шығарылған күннен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

Адвокаттық және нотариаттық қызметтерді лицензиялауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жүзеге асырады. Адвокаттық және нотариаттық қызметтермен айналысу құқығын  лицензиялау қызметі  2011 жылдың 15 тамызынан бастап электрондық түрде көрсетіледі.

Әділбай  ЕРЖАНОВ,
Ақмола облысы бойынша әділет департаменті   құқықтық түсіндіру және
халыққа заңгерлік қызмет көрсетубөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар