Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәуліт мейрамы пайғамбар мейірімін сүйіншілейтін мереке - АРҚА АЖАРЫ

Мәуліт мейрамы пайғамбар мейірімін сүйіншілейтін мереке

Мұсылмандарға арналған 2022 жылдың күнтізбесіне сәйкес, Мәуліт мерекесі қазан айының 7-нен 8-не қараған күнде тойланады.  Мәуліт атауы барша мұсылманның үлгісі болған Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өмірге келу құрметіне берілген.

Мәуліт мерекесін тойлау исламда һижри IV-V ғасырлардан басталады. Араб тілінен аударғанда «туған күн» деген мағынаны береді. Бұл ислам елдерінде кеңінен тойланады. Сирия, Алжир, Тунис, Марокко және басқа елде Мәуліт күні қалыс қалмайды. Пәкістанда бұл мереке үш күн тойланады. Міне, сондықтан, Алла Тағаланың ең сүйікті пендесі, Адамның (ғ.с.) Иса (ғ.с.) пайғамбарға дейінгі Алла елшілерінің соңғысы әрі сардары Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келуінің құрметіне ол айға осы атау берілген.

Мұхамед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз Құрайыш тайпасынан шыққан, оның ішіндегі Бани һашим әулетінен шыққан. Туған жері – Алла Тағаланың нұры жауып тұратын Мекке қаласы. Әкесі Абдулла, атасы Әбдімүтәліп. Анасы Әмина.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) ата-анасынан ерте айырылды. Әкесі перзенті өмірге келмей тұрғанда дүние салса, алты жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Мұхаммед (с.ғ.с.) Исадан (ғ.с.) милади жыл санауы бойынша 571 жыл кейін, 20 сәуірде, һижри санауы бойынша Рабиул-әууал айының 12-сі, дүйсенбі күні дүниеге келген.

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) дүние есігін ашқанда, ғаламда ғажап оқиғалар болған деседі. Дүние нұрға бөленген. Анасы Әмина әйелдер әдеті бойынша толғақ қысу, қан кетуге ұқсас қиыншылықтарды көрмеген. Пайғамбарымыз туғанда үстінен жұпар иіс аңқып тұрған.  Атасы Әбдүлмүттәліптен пайғамбарымыздың есімінің сырын сұрағанда ол: «Мен немеремді аспанда Хақ Тағала, жерде халық көп мақтайды деп үміттенемін» деп жауап қатқан екен.

«Мұхаммед» есімі Құранның бірнеше аяттарында айтылады. Ал, Құранның 47-сүресі «Мұхаммед» есімімен аталған. «Мұхаммед» сөзі «мақталуға лайық, мақталушы» деген мағына береді.

– Мұхаммед пайғамбар насихат сөз айтудан гөрі, іспен үлгі көрсетуге ерекше мән берген. Бір нәрсені бұйыратын болса, бірінші оны өзі орындайтын, бір нәрседен тыйым салатын болса, бірінші болып өзі тыйылатын. Мінезі жұмсақ, қолы ашық, жомарт еді және ұдайы күлімсіреп жүрген. Алла елшісінің тістерін ақситып, шері тарқап, шегі қатқанша күлгенін көрмеппін. Ол тек күлімсірейтін, – деп әңгімелеген Әзірет Айша.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) болмыс-бітімі туралы:

«Кең маңдайлы кісі еді. Қасы қою, көзі қара, кірпіктері ұзын. Бет-әлпеті толған айдай нұрлы еді. Дөңгелек жүзді, сақалы тығыз. Толқын шашы қатты бұйра болмаса да, ортасынан қақ бөлініп иығына жетер-жетпестей төгіліп түсіп тұратын. Кең иықты, кеуделі келген. Алақаны мен табаны ірі болатын. Алақаны жібектей жұмсақ еді. Орта бойлы. Семіз де емес, арық та емес. Денесі тершең, бірақ, үстінен хош иіс аңқып тұратын. Жылдам және алға сәл иіле жүретін. Бір жаққа қараса, тұтас денесімен бұрылатын. Жан-жағына атүсті мойын бұра бермейтін. Әрқашан жүзі күлімсіреп тұратын», деп сипатталады.

Мәулітті атап өту – абзал амалдың бірі. Себебі, мәуліт Пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік пен қуаныштың айрықша көрінісі. Ал, Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көру – иман негіздерінің бірі. Сондықтан, бұл күнді тойлаудағы негізгі мақсат – пайғамбар ғұмырын үлгі ету. Оның жүріп өткен өмірін, амалдарын, өсиетін ұрпаққа жеткізу. Ата-ананы құрметтеуге, сүннет жолын ұстануға үйрету. Пайғамбар көрсетіп кеткен жолды нұсқау. Өсиетін ескеру.

Мәуліт мерекесінде Қасиетті Құран оқылып, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы мадақ өлеңдер мен жырлар, салауаттар айтылады. Қасиетті мәуліт күнінде жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да игі шаралар жасауға болады. Бұл мереке кезінде шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің орын алмауы шарт.  Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар барлық іс жақсы бидғатқа жатады. Құранда: «Біз сені күллі ғалам үшін рақым етіп қана жібердік» деп осы ақиқатты меңзеген. Сондықтан, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) дүниеге аяқ басып, ғаламды нұрға бөлеуі – артына ерген үмбеті үшін үлкен қуаныш.  Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың ғибратты ғұмырын насихаттап, жастарды имандылыққа тәрбиелеу арқылы оларды бауырмалдыққа, адамгершілікке, ата-ананы құрметтеуге және түрлі теріс қылықтардан сақтануға шақыру екенін ұмытпағанымыз дұрыс.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар