Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Талпынған жетер мұратқа - АРҚА АЖАРЫ

Талпынған жетер мұратқа

Биыл Ақмола облысы бойынша 90-нан астам мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан. Солардың бірі – Ержан Нәбиев.

Ол 1994 жылдың 11 қарашасында Қостанай облысына қарасты Арқалық қаласында дүниеге келген. Дәрігерлер үшінші топтағы мүгедек диагнозын қойған. Дерті – қант диабеті. 1999 жылы жанұясымен Көкшетау қаласына көшіп келеді. Тағдыр тәлкегіне дес бермеген жігерлі Ержан 2015 жылы Көкшетау жоғары техникалық колледжін «техник-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған. Дипломын қолына ала салып, жас маман жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, тиісті тізімге аты-жөнін енгізіп кеткен. Табылған жұмыстардың ешқайсынан бас тартпай, тынбай еңбек етуге тырысқан.

Денсаулығына байланысты орын алған біраз үзілістен кейін, биылғы жылдың тамызында Ақмола облыстық жұмыспен қамту орталығы азаматқа қолайлы жұмыс ұсынған көрінеді. Қажетті құжаттар мен медициналық анықтамаларын жинап, күздің алғашқы күнінен бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалында жұмыс істейді.

–Жаңа жұмысым өзіме ұнайды. Жалақысы тұрақты. Әріптестерім де өте жақсы жандар. Физикалық күш жұмсаудың қажеті жоқ. Жұмыспен қамту орталығы денсаулығымды ескере отырып, өте қолайлы жұмыс орнымен қамтамасыз етті. Еңбек етіп, нан табуға, отбасыма қаржылай қолдау көрсетуге мүмкіндік болып тұрса, неге қол қусырып отыруым керек, – дейді Ержан Нәбиев.

Шынымен де, көпке үлгі болар жағдай. Тағдыр тәлкегіне дес бермей, еліне қызмет етуге ұмтылған жандар әр жерде баршылық. Биыл мүмкіндігі шектеулі 90-нан астам көкшетаулық жұмыспен қамтамасыз етілді. 32 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілсе, мүмкіндігі шектеулі 61 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды, 32 адам өз бетінше жұмыс тапқан. Осындай қала тұрғындарының біраз бөлігі білім беру саласында еңбек етіп жүр.

Көкшетау қаласының әкімдігі квота белгілеп, мүмкіндігі шектеулі тұрғындарды міндетті түрде жұмысқа қабылдауға тиіс ұйымдарды анықтады.Жұмыспен қамту орталығында мүгедектік тобы бар 44 жұмыссыз азамат есепте тұр, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 7 адам жіберілді. Бұған дейін «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік біліктілікке оқытудан 13 адам өтіп, өз бизнесін ашуға гранттар алу мүмкіндігіне ие болды. Тағы  4 адам жеке кәсібін дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант алды.

Бұған мемлекет пен облыстық әкімдік тарапынан туғызылып отырған мүмкіндік аз емес. Тек ізденіп, аянбай еңбек етіп, ел дамуына үлес қосуымыз керек.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар